Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

624508
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Қорғаныс өнеркәсібінде отандық өндіріс керек» деген хабарына орын берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның қорғаныс өнеркәсібінің жоғарғы технологияға сәйкес барлық қажеттіліктерді жер серігінде де қамтамасыз ету керектігін айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі АҚ-ның (TUSAŞ) Акынджыдағы орталығында Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен жер серігінің ұшуы тікелей эфирде жарияланды. Жер серігі орбитаға кірген соң 57-ші минутта зымырандарын тастап, 59-шы минутта күн батареяларын ашты. Жер серігінен алғашқы сигнал 68-ші минутта алынады. Шамамен 90 минутта Жер шарын бір рет айналатын жер серігінің жылына 60 мыңнан астам көріністі орталыққа жіберуі күтіледі.

Хабарда  Президент Ердоғанның «Кейбір Батыс елдерінің өткенде болғандай елімізге белгілі әскери өнімдерді сатпау шешімін жасағанын көрудеміз. Аллаға шүкір бүгін Түркия 14 жыл бұрынғымен салыстырғанда қорғаныс өнеркәсібінде шетелге болған тәуелділік жартылай азайды. Шетелге деген тәуелділікті 2023 жылына дейін түбегейлі күшінен қалдырамыз» дегеніне орын берген.

Стар газеті хабарын «Түркияға қарсы тұғыр Еуропа Одағына зиян тигізеді» атты тақырыбымен берген. Газет Еуропа Одағы министрі Өмер Челиктің Батыс астаналарына үндеу тастап,  «Түркияның Еуропа Одағы мүшелігі үшін қақпаны ашыңдар, бұдан кейінгі процес өте маңызды» дегенін жазған. Газеттің хабары бойынша Еуропада ұшқары нәсілшіл әрекетіне қарсы бірге күрес жүргізуіміз керек екенін айтқан Челик Еуропа елдерінде Исламофобия және шетелдік дұшпандықтың барған сайын артқаны жөнінде ескерту жасады. Түркияның Орташығыста жасаған операциялардың Еуропа мен НАТО-ның қауіпсіздігі үшін де өте маңызды екенін түсіндірген Челик Түркия мен Еуропа Одағы арасында мықты бір көпір құрылуы керектігін айтты.

Хабар Түрік газеті «Долларға қарсы түрік лирасы кампания үлкеюде» атты тақырып қолданған. Газет «Шетел валютасын түрік лирасына алмастырыңдар» атты кампанияға қолдаудың ел көлемінде кең қанат жайғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда аттанысқа кірген орган мен ұйымдар да түрік лирасына бағытталуда. Дін істер басқармасы қажы және үміткер қажы ақыларын түрік лирасымен төлеуге шешім жасады. Биржа Стамбул болса бүгіннен бастап барлық мүліктердің түрік лирасына аударылуына және түрік лирасы есеп-шотында болуына шешім жасады.

Йени Шафак газеті «Түркиядағы қалалар өсімдіктерден алынған электр тоқ арқылы жарық болады» деген хабарға орын берген. Газеттің хабары бойынша Гебзе техникалық университеті лабораториясында жүргізілген сынақ нәтижесінде көше және үйлердегі жарықтың таза органикалық өсімдіктерден электр тоғын алады.

Сабах газеті «Голливудтан бір Осмынлы әңгімесі» деген тақырып қолданған. Газет Түркия мен АҚШ ортақ түсірген «The Ottoman Lieutenant» атты фильмінің 2017 жылының алғашқы ширегінде қойылатынын жариялаған



Ұқсас жаңалықтар