Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

618924
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Израильде 22 қараша күні шыққан және ел көлеміне тараған өрттер араларында Түркия да бар көптеген елдің жәрдемімен бақылауға алынды.Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху өрттерді сөндіру үшін жіберілген шетел ұшақтары қоныстанған Хатзор әуе жайына барып, ұшқыштармен әңгімелесті. Лауазымдылардан жұмыстар жайлы ақпарат алған Нетаньяху Түрік авиация мекемесінің «өрт жауынгерлері» атты өрт сөндіру тобының ұшқыштарымен әңгімелескен соң түрік түрік ұшағының алдында баспасөз жиналысы өткізіп, жұмыстарға жәрдем еткен шетелдік өрт сөндіру топтарына алғысын айтты. Израиль президенті Реувен Ривлин болса Түркияның Израильге жіберген өрт сөндіру ұшақтары себепті кеше президент Ердоғанға телефон шалып, алғысын жеткізді. Түркия бұдан бұрын да Израильге ұқсас жәрдем жасаған болатын. Кармель тауларында 2010 жылы шыққан және қысқа уақытта ауқымды бір аймаққа тараған орман өрттерін сөндіру жұмыстарына қатысу үшін Анкара 2 өрт сөндіру ұшағын жіберген болатын.

Хабертүрік газеті «Дуалдың арғы жағын көреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлері шетелдегі қауіпсіздік күштері тарапынан операция мен құтқару жұмыстарында жиі қолданылған және дуалың арғын анықтайтын отандық радарды өндірді. Аталмыш өнімнің ұқсасы шетелде қауіпсіздік күштері тарапынан операция және құтқару жұмыстарында қолданылуда. Бұл жүйе көзбен анықтау мүмкіндігі болмайтын, оптикалық сенсорлармен ақпарат жинай алмайтын, арада дуал сияқты бір кедергі бар жағдайларда арғы жақтағы жандыларды анықтауды қамтамасыз етеді.

Сабах газеті «Түркия Трамптан күткен екі тақырып» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер Нуман Куртулмуш АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Түркиямен құрылатын жаңа ынтымақтастық кезеңінен үмітті екенін тілге тиек етті. Нуман Куртулмуш «АҚШ-тың жаңа әкімшілігінен 78 миллион тұрғыны бар Түркия халқының сұранысын қамтамасыз етіп, Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді ұстап беруін және Сирияның солтүстігіндегі бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД-мен қарым-қатынастарына қайта көз жүгіртуін тілейміз. Мен өзім атынан үміттімін» деді.

Йени Шафак газеті «Ынтымақтастық нәтиже береді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Тегеран сапарында Иран елбасы Хасан Рухани тарапынан қабылданды. Рухани Сирия мен Иракта тұрақтылықты қайта орнату үшін Түркиямен одан көп ынтымақтастық жасау керектігін атап айтты. Рухани «бүгін аймағымызда маңызды бір жағдай бар. Мәселелерді шешуде Тегеран мен Анкараның ынтымақтастығы және кеңесуі нәтиже береді» деді. Чавушоғлу болса екі елдің бірлік пен ынтымақтастықты сақтайтын аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықтың мүдделері екенін атап көрсетті.

Хүррийет газеті «Италияда сахнада» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ойыншы Серра Йылмаздың «La bartarda di İstanbul» атты ойыны Италияда қайтадан сахнаға шығуға дайындалады. Ақпан айындағы ойын сахнаға қойылады. Ойыншы Йылмаз Италияда әртүрлі жерге ілінген жарнамалардың суреттерін Instagram арқылы бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар