Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

614741
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түріктердің Еуроодаққа ПКК-ФЕТӨ наразылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропаның Түркияға бағытталған әділетсіз сындары мен қысымдары бұл елдерде өмір сүрген түріктердің наразылығын туғызды. Германия және Бельгияда алдынғы күні он мыңдаған түрік қатысқан «Террорға лағынет, демократияға шақыру» митингтері кеше Голландия мен Францияда болып өтті. «ПКК-ПЙД-ЙПГ-ДАИШ-ФЕТӨ», «Еуропада террорға қолдауды тоқтатыңдар» деп жазылған плакаттар көтерілген протесттерге ондаған азаматтық қоғам мекемесі де қолдау берді. Францияның бас қаласы Париждің символы «Republique» алаңында (Республика алаңы) жиналған мыңдаған түрік террорды айыптады. Голландияда болса Роттердамның «Afrikaanderplein» алаңында өткен митингке жаңбыр мен боранға қарамастан қолдарына түрік байрақтары ұстаған қалың жұрт террорға қолдау берген Еуропа елдеріне наразылық көрсетті.

Хүррийет газеті «Кипрде атажұрттар іске кірісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда бүгін қорытылатын Швейцариядағы саммитке жұма күні кешкі уақытта президент Режеп Тайып Ердоған мен Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың телефон әңгімелері қолтаңба қалдырды. Екі басшы келіссөздердің соңғы қадамы мен кепілдік жасаған елдер ретінде Түркия, Грекия және Ұлыбритания қатысатын саммиттің желтоқсан айында бас қосуын бағалады. Кипрмен байланысты бірінен соң бірі келген жаңалықтар Швейцариядағы саммиттен гөрі тараптардың кепілдік жасау тақырыбына назар аударуына жол ашты.

Хабертүрік газеті «Әуе қатынасына үлкен кадрлар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлдың жаңа әуежайы көптеген салада бүкіл әлемнің «ең мықтысы» болу ерекшелігіне ие болады. Бұлардың бірі де 6 ұшу-қону жолағы іске қосылған кезде әуе қатынасын 800 адамнан тұратын кадрдың басшылық жасауы. 4 сатылы әуежайдың 90 миллион жолаушы күшіне ие алғашқы сатысын 2018 жылы 26 ақпан күні іске қосу үшін жұмыстар үздіксіз жалғасуда. 250 бөлек әуежайы фирмасы ұшыратын әуежайдың тек қана бірінші сатысында іске қосылатын 2 ұшу-қону жолағында күніне 2 мың ұшаққа қызмет беріледі.

Ватан газеті «Миллиондаған Тойотаға түрік қолтаңбасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Тойотаның 350 миллион евро инвестициямен Сакария фабрикасында өндіре бастаған түрік инженерлер жобалаған «C-HR» моделінің «know how» орталығы Жапонияға жіберіледі. Алдында араларында түрік инженер Мехмет Фатих Кале де бар топ тарапынан жобаланған «C-HR» моделінің ішкі дизайны жақын келешекте өндірілетін Тойотада қолданылады. Алдында «Auris» моделінің ішкі дизайнын жобалаған Кале «C-HR»-дың жетілдіру кезеңінде әу бастан жұмыстанғанын атап, «C-HR-де сезімталдық сапа басқаруы деп аталған жобаны пайдаландық. Көлік Еуропа үшін жобаланды. Алайда ішкі жобасы баршаға ұнады. Тойотаның орталығы Жапонияның өзі Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық үшін «know how»-ды менің бөлімімнен алғысы келеді» деді.

Йени шафак газеті «Түркия палаталар және биржалар одағынан 22 мемлекетпен ортақ Түрік-Араб палатасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия палаталар және биржалар одағы (TOBB), Араб палаталар одағымен 2016 жылы 24 қараша күні Стамбұлда қол қою рәсімімен Түрік-Араб палаталар одағын құрады. Палата 2.7 триллион долларлық бір экономикаға ие 22 мемлекетпен түрік іскер әлемінің басын қосады. TOBB төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу құрылатын Түрік-Араб палаталар одағы арасында ұйымдастырылатын ортақ іс-шаралармен Түркия және Араб мемлекеттері арасында сауда мен инвестиция ынтымақтастығын жетілдіруге үлес қосатындарын атап көрсетті. Араб палаталар одағы 1951 жылы құрылған және ықпалды жұмыстарымен белгілі бір мекеме болып табылады. Орталығы Бейрутта орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт мен Оман сияқты бай шығанақ елдері және Мысыр, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Сомали және Судан сияқты Орта және Солтүстік Африка елдерінің палаталар одақтары орын алады.



Ұқсас жаңалықтар