Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

605056
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Батыс өзінің соңын дайындауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұл Үскүдарда өткен Денсаулық сақтау ғылымдары Университетінің құрметті докторлық атағы тапсыру рәсіміне қатысты. Осында оқытушы-профессорлар мен студенттерге үн қатқан Ердоған Еуропаның ПКК террор ұйымы тақырыбындағы ұстанымын сынға алып, батыс әлемі өзінің соңын дайындайтын істер жасайтынын білдірді. Бұл мәселенің бір күні бумеранг сияқты айналып келіп өздерін ұратынын атап айтқан президент «Террор ұйымдары алдында одан принципсіз екіжүзді, алдамшы ұстам бұлардың басында. Босқындарға бағытталған опасыз ұстанымды да ұмытпау керек. Нәсілшілдік, ислам дұшпандығы сияқты батыстың бұрыннан келе жатқан ауруы қайта пайда бола бастады» деді.

Стар газеті «S&P шындықты көрді, инвестициялар қайтадан арта түседі» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықаралық несие бағалау мекемесі «Standard & Poor's»-тың (S&P) Түркияның несие көрінісін минустан «бір қалыпты» бағаға өзгертіп, «BB» деңгейіндегі несие бағасын бекіту тақырыбында Түркияның құрылымдық реформаларға бағыныштылығының S&P тарапынан қабылданғанын атап көрсеткен Қаржы министрі Наджи Ағбал мұның маңызды бір жаңалық екенін тілге тиек етті. Түркияға инвестиция құйғысы келгендерде Түркиямен байланысты сенімнің артқанын білдірген Ағбал елдің орта және ұзақ мерзімде өсу күшін байқаған көптеген инвестордың тікелей Түркияға келіп, инвестиция салғанын атап көрсетті.

Ватан газеті «Экспортта соңғы 8 жылдың рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның экспорт алпауыты автокөлік саласы 2008 жылдың қазан айынан бері айлық тұрғыдан ең жоғары экспорт көрсеткішіне қол жеткізді. Улудағ автокөлік өнеркәсібі экспортшылар одағы (OİB) көрсеткіштеріне қарағанда автокөлік экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайыз өсіп, 2 миллиард 190 миллион долларға жетті. Саланың Түркия экспортынан алған үлесі соңғы айлардың ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі ретінде 18,7 пайызға ұласты. Автокөліктің қаңтар-қазан айлары арасындағы кезеңдегі экспорты болса 10,8 пайыз өсіп, 19 миллиард 269 миллион долларға ұласты.

Йени шафак газеті «АҚШ-тық Quantum 3D енді HAVELSAN-дікі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауа электроникалық өнеркәсібі «HAVELSAN» 1,5 жылға созылған келіссөздердің артынан АҚШ-тағы Силикон алқабында жұмыс істейтін «Quantum 3D» фирмасын 10 пайыз капиталмен сатып алды. HAVELSAN Бас директоры Ахмет Хамди Аталай Калифорния штатында жүзеге асқан рәсімде айтқан сөзінде технологияның соңғы жетістігі не болса оның ізіне түскендерін атап көрсетті. АҚШ-та бір технология фирмасын сатып алған тұңғыш түрік фирмасы екеніне назар аударған Аталай бұл жағдайдың саладағы бәсекелестерін қатты мазасыздандырғанын атап көрсетті.

Сабах газеті «Лицей оқушысы Элифназ вакцина сақтау аппаратымен әлемде бірінші орын алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда лицей оқушысы Элифназ Шентүрік жанұялық дәрігерлік жасайтын әкесінің вакцина сақтаудағы қиыншылықтарына шешім табу аясында жетілдірген «жылыту және салқындату» жүйелерін бірдей пайдаланып, температураны бір қалыпты қылатын көп бөлмелі бір аппарат ойлап тапты. «Ғылыми жоба» конкурсында бірінші орынды алды. Бразилияда өткен және 21 елден 400-ге жуық жоба қатысқан «Mostratec» Ғылыми жоба жарысында 11 сынып оқушысы Элифназ Шентүрік «Материал инженерлігі» саласында әлем бойынша бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар