Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия үшін маңызды хабарларға орын берген.

596514
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Мосулда орын аламыз» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Түркияның террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы басталған Мосул операциясына жан-жақты қолдау бергенін атап көрсетті. «Солтүстік Иракта және Башикада біз дайындап шығарған пешмерга және Нинова жасақтары белсенді түрде операцияның құрамында» деді ол.  Ирактың қауіпсіздігінің Түркия үшін өте маңызды екенін де атап көрсеткен министр «Башикадағы жасақтар 700-ден астам террористті өлтірді.  Ирак – бізге көрші ел.  Ирактың қауіпсіздігі біздің өз қауіпсіздігіміз секілді маңызды. Барша Сириядан келген босқындар туралы айтып жүр, бірақ Түркияда 300 мыңнан астам Ирак азаматы бар.  Айырықша иракпен шекарада лагерьлер де құрылған» деді.

Сабах газеті «Башика үш жақтан қоршауға алынды» деген хабарға орын ерген. Ирактың Башика қаласындағы операция кеше де жалғасты.  Осы операцияға Түрік Қарулы күштері жексенбі күні қолдау көрсетті.  Аймақтағы пешмерга қаланы террор ұйымы ДАИШ-тен қайтып алу үшін үш жақтан қоршау бастады.  Алайда ДАИШ жанкешті шабуылдар жасап,  операция баяу ілгерілеуде. Террористтер Башикадан көбіне кетті, бірақ көптеген тұзақ қалдырды. Башиканы алу Мосул операциясы үшін өте маңызды. Мосулдан 12 км қашықтықтағы Башика алынса,  ДАИШ-тің жолы кесілген болады. Башика қаласы шамамен 500 қызметкерімен Түрік Қарулы күштері аймақтағы сүннит жасақтарды әскери дайындықтан өткізген лагерьге 15 км жақында.

Хабертүрік газеті «54 миллион көшті» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарындағы зерттеу орталығы PEW Таяу Шығыстың 2005-2015 жылдар арасындағы босқын қозғалысын зерттеді.  Аталмыш зерттеуге қарағанда Таяу Шығыстағы босқын саны 2005 жылдан бері 120 пайыз артты.  Аймақтағы қақтығыс пен соғыстар Таяу Шығыс босқындарының 25 миллионнан 54 миллионға жетуіне жол ашты.  Зерттеуге қарағанда көш қозғалысы 2011 жылы Сириядағы соғыс басталғаннан кейін едәуір артты. 2015 жылдың деректеріне қарағанда «Осы аймақтағы әрбір он адамның бірі халықаралық босқын мәртебесінде». Ең көп босқын паналатын отырған елдер 2,9 миллионмен Иордания және Йемен,  2,7 миллион босқынмен Түркия.

Хүрриет газеті Түркияның интернеттен музыка тыңдауына орын берген. Музыканың сандық әлемдегі сапары жылдам жалғасуда.  Әсіресе смартфон мен басқа да мобиль жиһаздары осы жылдамдықты арттырды.  Сандық әлем музыканың күй таспалардағы 70, кассеталардағы 55 және CD-лердегі 35 жылдық билігін он жылда төңкерді. Әлемде болғаны секілді Түркияда да күн өткен сайын интернет арқылы музыка тыңдау көрсеткіші артып келеді. SpotifyTürkiye ел координаторы Эргүл Чиви Түркиядағы қолданушылардың күніне орташа есеппен 2,5 сағат музыка тыңдағанын айтты. «Түркияда Spotify қолданушылары күніне 148 минут музыка тыңдайды. Көбіне эстрада таңдалады. Көбіне кешкі уақытта музыканы көп тыңдайды» деді ол.

Ватан газеті Жер шарының ахуалына орын берген. Бүкіләлемдік метеорология ұйымы атмосферадағы көмірсутектің 2015 жылы рекорд деңгейге жеткенін білдірді. Ұйым осы көрсеткіштің бірнеше ұрпақ бойы  төмендемейтінін айтып ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар