Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

584009
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті вице-премьер Нуман Куртулмуштың Башиканың саудаласу тақырыбы қылуға рұқсат бермейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирак Өкілдер Мәжілісінің «Түркияның Бағдаттағы өкілетті елшісін шақыртып нота беруі және түрік қарулы күштерін ‘басқыншы күш’ ретінде қабылдау шешіміне вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш жауап қайтарды. Башикадағы түрік әскері болмысын саудаласу тақырыбы қылуға рұқсат берілмейтінін атап көрсеткен Куртулмуш Түркияның әрі Ирак, әрі Сирияның шекара тұтастығын қамтамасыз ету тұрғысынан әртүрлі жауапкершілікті орындағанына назар аударды.

Хүррийет газеті «Мосул сұрыптауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иракта алдынғы күні мәжілістің Мосул қаласына 12 шақырым қашықтықтағы Башика ауданына қоныстанған түрік әскери жасақтарының елден шығару жайлы шешім қабылдауының жаңғырықтары жалғасуда. Вице-премьер Нуман Куртулмуш «Ирак осыншама бөлшектенгенде сол жерде тұрақтылықтың кепілі ретінде Башикадағы түрік армиясының болмысына ешкімнің құқы жоқ» деді.

Сабах газеті Атазаң соты төрағасы Зүхтү Арсланның «Әлем қозылардың тыныштығын ойнады» деген сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Атазаң сотының екі жаңа мүшесі Режаи Акйел мен Юсуф Шевки Хакйемездің ант беру рәсімінде сөз алған Атазаң соты төрағасы Зүхтү Арслан 15 шілде күні демократияға қырғын жасау бастамасына қарсы әлемнің сынақтан өте алмағанын атап көрсетті. Арслан кезкелген мәселеде демократияның қорғаушысы және иесі ретінде алған шыққандардың Түркияда қауіпті қарулармен демократияны қалап жоюды нысанаға алған әрекет кезінде халық ортаға қойған табандылық алдында ‘қозылардың тыныштығын’ ойнағанын атап көрсетті. Арслан Түркияда төтенше жағдайдың «мемлекеттік қажеттілік жағдайы» екеніне назар аударды.

Ватан газеті «63 елден мың инвестор ‘Startup Іstanbul’ бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия палаталар мен Биржалар Одағы ‘Startup Іstanbul’ саммитімен әлемнің алдынғы қатарлы инвесторлары мен іскерлеріне Стамбұлда бас қостырады.  2016 жылы 6-10 қазан күндері арасында жүзеге асатын іс-шараға 63 елден мың инвестор шақырылды.

Йени шафак газеті «Отандық моторға университеттер қол таңба қалдырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тұңғыш арнайы технология университеті болған Анка Технологиялық Университеті мен Украина Харков Техникалық Университеті арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Келісіммен екі университет отандық танк және тікұшақтарға мотор өндіру жобаларына үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар