Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

582443
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «БҰҰ-да тұрақты мүшелер 20 болсын» деген хабарға орын берген. Газет Халықаралық ғылым және технология конференциясында Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне тоқталған Президент Режеп Тайып Ердоғанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүше санының 20-ға шығарылуын ұсынғанына орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Президент Ердоған кеңестегі 10 мүше елдің екі жылда бір өзгерген жағдайда 198 мүшенің ретімен мүше болуы мүмкіндігінің болатынын түсіндірді. Түркия ретінде «Әлем 5-тен үлкен» деген наразылықтарын жалғастыратынын білдірген Ердоған әлем бейбітшілігімен байланысты шешімдердің БҰҰ-ның 5 мүшесі ғана шешуінің қабылдауға болмайтынын, әлемде әділетсіздікті жою үшін құрылған БҰҰ-ның бүгін міндетін орындай алмағанын атап өтті.

Хабар Түрік газеті хабарын «Түркияның Пентагоны» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша үкімет Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекет жүйесінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін әскери органдардың қаланың шетіне тасымалданатыны жөніндегі шешімді жүзеге асыру үшін аттанысқа кірісті. Ұлттық барлау ұйымы Анкара Етимесутта салынған жаңа ғимараты болған аймақ «қауіпсіздік орын» болады. Бас штаб басқармасы баста болып, Ұлттық Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштері қолбасшылықтары осы аймаққа жиналады. Тек қауіпсіздік мекемелері орталықта жұмыс істейді.

Хүрриет газеті «Түріктердің сезімдерін түсіне алмадық» деген тақырып қолданған. Газет АҚШ әкімшілігінің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті туралы көзқарас білдіргендер арасына Президент Обаманың ұзақ уақыттан бері сенімге ие болған тұлғаның бірі Пилипп Гордонның да қатысқанын жазған. Хабарда Пилипп Гордонның «АҚШ-тың төңкерісті немқұрайды қарау салдарынан түріктердің сезімдерін түсіне алмадық» дегенін жариялаған. Газет Гордонның АҚШ әкімшілігінің түріктер басынан өткізген оқиғаларды дұрыс түсіне алмағандарын айтқанын жеткізген.

Сабах газетінің «Террор ұйымы ПКК-ның каналы Франциядан жер серігінен шығарылды» атты хабарында Еуропадан таралым жасаған террор ұйымы ПКК-ның теледидары каналының жер серігінен шығарылғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда бұдан бұрын жабылуы үшін Түркияның да талап еткен канал француз жер серігі фирмасы Eutelsat тарапынан кеше Түркия сағаты бойынша 11:00-да тоқтатылды. Жер серігі фирмасы Eutelsat-қа тән Hotbird жер серігінен 3 жыл алдында таралымға бастаған ұйымы каналы Eutelsat фирмасының белгіленген принциптерге үйлесімді түрде таралым жасамағаны үшін бұдан бұрын екі рет ескерту жасалғаны аңғарылды.

Йени Шафак газеті «Әлем чемпиондары» атты хабарға орын берген. Газет Түркияның Перуде ұйымдастырылған 10-ші Әлем таэквондо чемпионатында 16 медальмен әлем екіншісі болғанын жазған. Газеттің хабары бойынша Әлем таэквондо федерациясы тарапынан астана Лимада ұйымдастырылған чемпионатқа 55 елден 760 спортшы қатысты. Түркия атынан 36 спортшы жиыны 16 медаль жеңіп алып, Түркия Оңтүстік Кореядан кейін екінші орынға ие болды.

 



Ұқсас жаңалықтар