Түрік баспасөзіне шолу

Әлемдегі және Түркиядағы маңызды хабарларға орын берілген.

574885
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғанның айтқанына тоқталды» деген хабар жариялаған.  Президент Ердоғанның «Сирияда сенімді аймақ шарт» деген сөздеріне пікір білдірмеген Америка Құрама Штаттары соңында көнді.  БҰҰ мінберінде де сенімді аймақтың маңызына тоқталған Ердоғанның сөздерінен 24 сағаттан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри «Сирияда соғыс ұшақтарының заңды оппозицияның аймақтарында ұшуына шектеме келтіру керек. Әкімшіліктің азаматтық нысандарға шабуылдауына кедергі болуымыз керек» деді.

Сабах газеті «Жоғары сот әлемге 15 шілде күнін түсіндіреді» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Яргытай соты бас прокуратурасы 15 шілде күні мен Фетуллахшы террор ұйымын әлемге түсіндіреді. Бас прокуратура шетелдік қонақтарға берілетін және халықаралық ресми мекемелерге жолданатын кітапшаларда 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекеті туралы егжей-тегжейлі мәлімет береді. Төңкеріс жасау әрекетінің басшысының 1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын бұрынғы уағыздаушы Фетуллах Гүлен екені айтылады. Фетуллах террор ұйымының мақсаты да «Атазаңды жүйені құлатып,  орнына авторитарлық,  тоталитарлық бір жамаған билігіне сүйенетін мемлекеттік жүйе құру» деп аталды.

Йени Шафак газеті отандық мотор өндірілгенін хабарлаған. Хабарға қарағанда, Отандық пилотсыз ұшу аппараты Анка-ға отандық дизель мотор өндірілді. TUSAŞ Мотор өнеркәсіптік компаниясы өндірген мотор кеше Ескишехир базасында таныстырылды. Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык мотордың топтық өндірісінің қысқа уақытта басталатынын айтты. Жаңа мақсаттың бүкіл әлемге сатылатын отандық ұшақ моторы екенін білдірген министр «Алдымыздағы 5 жыл ішінде Түркия өз ұшақ моторын жасайды» деді.

Ватан газеті Күн энергиясымен жүретін қайық туралы жазған.  Түркияда өте люкс және мега яхта өндірісінде көшбасшы Анталия Еркін аймақта толығымен Күн энергиясымен жүретін қайық жасап шығарылды. Ашық теңізде екі айдан бері сынақтары жүргізілген және табысты нәтиже берген 19 метрлік қайық австриялық иесіне табысталды. Яхтаның бағасы – 1,3 миллион доллар.  Үстіңгі жағы күн панельдерімен жабдықталды.  Қосымша ретінде электр қуатымен де жүруі үшін генераторы бар. Аккумуляторлары толық кезде яхта теңізде 20 миль бойы тоқтамастан жүзе алады.

Хабертүрік газеті «Әлемнің үздіктері қатарында 18 түрік университеті» деген хабарға орын берген. Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындарының рейтингін өлшейтін Times Higher Education (THE) 2016-2017 жылдар Әлем университеттері тізімін жариялады. Тізімде 980 университет орын алған. Арасында түріктің 18 университеті бар. Алғашқы 400-де Коч, Сабанджы, Билкент университеттері орын алды. Осы 18 университеттің жетеуі тізімге бірінші рет еніп отыр. Тізімнің басында Оксфорд келеді. 2012 жылдан бері бірінші орында келген Калифорния Технология Институты екінші орынға төмендеді.



Ұқсас жаңалықтар