Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

574239
Түрік баспасөзіне шолу

 

Стар газетінің «Әлемді 5 ел басқара алмайды» деген хабарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесінде баяндама жасаған Президент Режеп Тайып Ердоғанның жедел шешім табуда нашар тұғыр көрсеткен БҰҰ-ның реформа жасаудың шарт екенін айтқанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Барша әлемге өкілдік ете алмайтын Қауіпсіздік Кеңесі әділет орната алмайды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі реформа жасамай, бейбітшілікті қорғау нысанасына жете алмайды. Барша әлем 5 елден үлкен. Әлемді 5 елдің қолына тапсырып беруге болмайды. Өкінішке орай қазір барша әлемді 5 ел билеп отыр» деді.

Хабар Түрік газеті хабарын «Сирияда нысана 5 мың шаршы километр» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Қазір Әл-Бабқа дейін кіреміз. Тіпті де ілгерілейміз» дегеннен кейін барлық назар Түрік Қарулы Күштері қолдау көрсеткен Еркін Сирия армиясының Сирияда оңтүстікке қарай жылжығанына ауды. Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясының бақылауындағы аймақ 1000 шаршы километрді асқан кезде, лауазымдар 5 мың шаршы километрлік бір алаңды иелеуді мақсат еткенін айтуда. 

Сабах газеті «Террор коридоры бейбітшілік коридоры болды» деген тақырып қолданған. Хабарда Евфрат қалқаны операциясымен Сирияның Әзезден Евфратқа дейінгі аймақ бір террор коридоры болудан құтылып, бейбітшілік коридоры болғанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда аймақта этникалық тазалау талпынысы ішінде болған террор ұйымы PYD-нің мақсатының ДАИШ-пен күресу емес екені де осы операция арқылы жарыққа шықты. Террор ұйымы ПКК-ның Сирия қолы PYD қысым жасаған 400 сириялық Менбичтен қашып, Евфрат қалқаны операциясымен тазаланған Жераблусқа паналады.

Хүрриет газеті хабарын «Инвестицияны түріктермен бірге жасаңдар» атты тақырыбымен берген. Газет Даму министрі Лүтфи Елванның іскерлермен бірге Кувейтке барғанда оның «150 миллиард долларлық инвестиция жоспарларымызда түрік іскерлерімен бірге жұмыс істеңдер» деген мәлімдемесін жеткізген. Газеттің хабары бойынша Елван кувейттіктерге «Түркия Кувейттің Еуропаға ашылған қақпасы. Кувейт те Түркияның Шығанақ елдеріне ашылған қақпасы. Бірге жұмыс істесек, онда тіпті күшті боламыз» деді. Жылжымайтын мүлік салаларына 1 жыл Түркияда тұру рұқсаты берілгенін және 8 жыл жылжымайтын мүліктің тұрақтануында да ұзақ уақыттық Түркияда тұру рұқсаты берілгенін баяндаған Елван «Жаңа бір ретке салу жүйесі жұмысқа қосылады. Белгілі көлемде инвестиция салғандарға Түркия азаматығын береміз» деді.

Қорғаныс өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруында өтетін Қорғаныс және авиация индустриялдандыру күндері 2016 жылы қазан айының 11-13 күндері аралығында Анкарада болады. Бұл іс-шараға көптеген елден жүздеген фирма қатысады және 4 мыңнан астам екі жақты бизнес кездесулер өтеді.

 



Ұқсас жаңалықтар