Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

563226
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Эфкан Ала отставкаға кетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Бинали Йылдырымның президенттік сарайдағы сюрприз кездесуінің артынан кіші ревизия жасалды. Премьер-министр Йылдырым Ішкі істер министрі Эфкан аланың міндеттен кеткенін жариялады. Йылдырым жасаған қысқаша мәлімдемеде Аланың отставкаға кетуімен министрлік міндетіне Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Сүлейман Сойлу, Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі ретінде вице-премьер Мехмет Мүеззиноғлуның тағайындалғанын білдірді.

Стар газеті «Президент Ердоған Халебте тыныш бір айт өтуі үшін іске кірісті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Сирияның қоршау астындағы Халеб қаласында Құрбан айт алдында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету іске кірісті. Қансыз айт және 500 мыңға жуық адамға гуманитарлық жәрдем апарылуы үшін АҚШ және Ресеймен келіссөздерді жалғастырған Ердоған Қытайда өтетін «Үлкен 20 тобы елдері саммиті» жиналысында оппозиция үшін АҚШ президенті Барак Обамаға, Асад режимі үшін Ресей президенті Владимир Путинге «қақтығыстар тоқтасын!» шақыруы жасайды.

Хабертүрік газеті «Президенттен төрттік Еуропа саммиті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған 4-5 қыркүйек күндерінде әлем басшылары бас қосатын «Үлкен 20 тобы елдері саммиті» аясында  Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Голландия премьер-министрі Марк Рютте және Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен төрттік саммит өткізеді. Саммитте екі жақты ынтымақтастыққа қоса, Еуроодақ-Түркия арасындағы босқындарға қатысты кері қайтару келісімі мен виза жеңілдігінің күн тәртіпке келуі күтіледі.

Ватан газеті «Ресейде Анталияға аптасына 63 рейс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия азаматтық авиация дирекциясы Ресейдегі әуежайлардан Анталияға аптасына 63 charter рейсінің ұшуын бекіткендерін жариялады. Бұл мәлімдеме орыс авиация агенттігі Росавиацияның Ресейден Түркияға алғашқы charter рейстерінің 3 қыркүйек күні ұйымдастырылатынын жариялауының артынан келді.

Сабах газеті «Венецияда Фестиваль уақыты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италияның Венеция қаласының Лидо аймағында ұйымдастырылған әлемнің ең ескі кинофильм фестивалі 73-ші Венеция Фильм фестивалі режиссер және сценарист Дамиен Чазелленің музикалық комедиясы «Ғашықтар қаласы» атты фильммен (La La Land) кеше басталды. Фестиваль аясында әлем кинофильмінің жаңа ағымдары мен эстетикалық болмысы суреттелген шығармалар орын алған «Көкжиектер» категориясында түрік режиссер Реха Эрдемнің «Дәу әлем» атты фильмі де киносүйер қауымға ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар