Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

545476
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті Фетуллах Гүлен жөніндегі ұстау шешіміне орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул 1-ші жаза соты Фетуллахшы террор ұйымы Параллель мемлекеттік құрылымның құрушысы Фетуллах Гүлен жөнінде «15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетіне нұсқау бергені» себебімен тұтқындау бағытында ұстау үкімін шығарды.

Сабах газеті «FETÖ мектептері жабылуда» деген хабарға орын берген. Фетуллахшы террор ұйымы тарапынан ұйымдастырылған 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркия әлемнің түрлі елдеріндегі ұйымның мектептерінің жабылуы үшін дипломатия бастамасын арттырды.  Мектептер мен террор ұялары жабыла бастады.  Осы аяда Түркияның уайымын бірінші болып бөліскен елдер Әзірбайжан, Сомали және Пәкістан. Кейбір елдермен келіссөздер жалғасуда. 170-тен астам елде мектебі бар ұйымның барлық білім ошағының саны мыңнан асты.  Осы мектептердің кемінде 140-ы – АҚШ-та.

Стар газеті «Стамбул демократия митингіне дайын» деген хабар жариялаған. Төңкеріс жасау әрекетіне қарсы алаңдарға жиналған миллиондаған азаматтың демократия «күзеті» 7 тамыз күні шыңына жетеді. Стамбулдағы митингтің дайындықтары аяқталып қалды. Митингке қатысуды жоспарлағандар Анадолы және Еуропа жағасынан автобустармен келеді.  Теңіз жолы арқылы да митингке қатынас қамдалады.  Алаңда 13 мың адам міндет атқарады.  Айырықша медициналық қызметкер,  өрт сөндірушілер де сонда болады.

Йени Шафак газеті инвестиция хабарына орын берген.

Хабарға қарағанда төңкеріс жасау әрекетіне қарамастан шетелдік инвесторлардың Түркияға дейін қызығушылығы толастамады.  Жылдық 27 миллион дана мотор өндіретін әлемдік деңгейдегі алпауыт Honda түркияға деген сенімін білдірді.  Honda-ның Түркиядағы өкілі Хидето Ямасаки Түркияға мотоцикл зауыты ашатындарын айтты.

Хүрриет газеті «NASA-дан Стамбул көріністері» деген хабар жариялаған.

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы Twitter және  Instagram есептерінен Стамбулдың ғарыштан түсірілген суреттерін бөлісті. Халықаралық ғарыш стансасы мен орбитадағы астронавт Джефф Уильямс бөліскен  видеоны NASA да жариялады.  Уильямс стамбулдағы үшінші көпір жолдары да көріп тұрған видео туралы «Бұғазда саяхат. Еуропа мен Азия арасында құрлық шекарасы» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар