Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

543158
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «АҚШ-қа Гүлен ескертуі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер және Үкімет мәлімдемешісі Нуман Куртулмуш Америка Құрама Штаттарының достық пен одақтастық ережесіне сәйкес Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленді кері қайтару керектігін білдірді. Куртулмуш «Енді мына бір мәселемен бетпе-бет қалып отыр. Бір террористтің сол жерде өмір сүруі ме, әлде 79 миллион адамның достығы ма?» деді.

Хүррийет газеті «АҚШ-тық қолбасшыға FETÖ құжаттары берілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкараға ресми сапар аясында келген АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Данфордқа Фетуллахшы террор ұйымы басшысы мен мүшелерін Түркияға кері қайтару талабымен байланысты дайындалған қылмыстық-іс папкасы берілді. Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералы Хулуси Акар әріптесі Данфордқа Түрік Қарулы Күштері және мемлекеттің маңызды міндеттеріне дендеп енген құрылымға қатысты дайындалған құжаттар арқылы мағлұмат берді. Армия генералы Акар Түркияның Гүленнің ресми кері қайтарылу талабымен байланысты сұраныс жазуы мен құжаттарын Данфордқа ұсынып, қолдау сұрады.

Хабер түрік газеті армия генералы Акардың «Бұдан артық дәлел бар ма? Дәлел менмін» деген сөзін тақырып қылған. Хабарға қарағанда АҚШ Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Джозеф Ф. Данфорд Бас Штаб Басқармасы төрағасы армия генералы Хулуси Акармен бірге Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің бомбаланған жерлерін аралады. Данфорд оқиғаға қатты қайғырғанын атап, түрік халқы мен армия мүшелеріне көңіл айтты. Түрік делегациясының Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымы басшысы Фетуллах Гүленді кері қайтару талабын күн тәртібіне келтірген соң Данфорд АҚШ заң жүйесі бойынша сұраныстар мен дәлелдердің назарға алынып шешім қабылданғанын атап айтты. Данфордтың бұл сөздерінің артынан армия генералы Хулуси Акар «Бұдан артық дәлел бар ма? Дәлел менмін» деп жауап қайтарғаны білдірілді.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдары батырларды құрметтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары Халықаралық Ататүрік әуежайының Сыртқы бағыт терминалындағы CIP (Commercially Important Person) залының атын «15 шілде демократия батырлары» залы ретінде өзгертуге шешім қабылдады. Түрік әуе жолдары директорлар кеңесі және атқару комитеті төрағасы Илкер Айжы Түркияның 15 шілде күні түнде аса маңызды бір кезеңнен өткенін атап, бұл тарихи күнді әрқашан есте сақтау үшін бұл шешімді қабылдағандарын мәлімдеді. Түрік әуе жолдары сондай-ақ FETÖ мүшелерінің опасыз төңкеріс әрекетінің протест етіп, Боғазичи көпірінде баласы Абдуллах Тайыппен бірге шәйіт болған Эрол Окчуның атын интернет паролы ретінде белгілегендерін атап көрсетті.

Ватан газеті «Ресеймен реттеу тапсырыстардың алдын ашты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Кен және металдар экспортшы одақтары (İMMİB) құрылыс материалдары комитеті төрағасы Сердар Урфалылар Ресей мен Түркия арасында екі жақты қарым-қатынастардың қалпына келуінің ел саудасына, оның ішінде құрылыс материалдары саласына болымды ықпал ететінін атап көрсетті. Урфалылар «Ресей 2015 жылы 7.2 миллиард доллар және 2014 жылы 12.5 миллиард доллар көлемінде құрылымдық материал импорттады. Ресейдің импорт тізімінде бірінші орынды қайтадан Түркияның болат, аллюминий және құрылыс аксессуарлары алды. Қалпына келген ынтымақтастықпен Ресейдің құрылыс материалдары импортында одан көп үлес алуға үміткерміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар