Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

516466
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Екі жүзді Еуропа Түркияға сын жасап, Францияға қарсы үнсіз қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террормен күрес аясында Түркия қабылдаған шешімдерге шулаған батыс елдері мәселе Франциядағы жағдай болған соң үнсіз қалды. Парижде кәсіподақтар ұйымдастыратын ауқымды шеруге үкімет алдында тыйым салды, кейін шектеді. Шеру заңына қарама-қайшы бұл оқиғада батыс медиасы француз полициясының мұның алдында жасаған жәбірлеулеріне қалай көзін жұмса, бұл оқиғаны қайтадан көрмегендей болды. Француз үкіметінің шерулерге тыйым салуына орталығы Ұлыбританиядағы BBC басты тақырып ретінде орын бермеді. Guardian газеті интернет парақшасынан бір жарнамамен хабарды шектеді. АҚШ-тың CNN телеканалы Париж жайлы туристік жаңалықтарға кең орын берді. Бельгияның «Dernier Heure» газеті болса жаңалыққа басты бетте орын бермеді.

Стар газеті «ПЙД-нің жолы болмады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тан бастап, Ресей және кейбір НАТО елдерінен әскери қолдау алған террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД ұйым үшін «заңды» деп тану кезеңіне айналған Ракка мен Менбич операцияларында жеңіле бастады. ПЙД жобасы әскери және демократиясы жолы болмай тарқау кезеңіне кірді. Солтүстік Сирияда ПЙД қатарына қосылған күрдтер ұйымның зұлымдығы және жәбірлеуіне қарсы қозғалды. Ұйымның нағыз жүзімен танысқан күрдтер топтық түрде Солтүстік Ирактағы Барзаниді паналап бастады. Кейбір топтар болса қашуда.

Хабертүрік газеті «Газаға түрік жобалары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Израиль арасында 26 маусым күні ұйымдастырылатын қарым-қатынастарды реттеу келіссөздерінің артынан Газаға бағытталған электр, су, инфрақұрылым қажеттілігін қамтамасыз ететін маңызды жобаларды іске қосу күн тәртібінде. Түркия мешіттердің жаңадан құрылысы салмақты 11 жобамен Газада жұмыстарын жалғастырады.

Йени шафак газеті «Түріксат интернетті жер серігіне қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түріксат өткен жылы ғарышқа жіберген Түріксат 4Б арқылы «Türksat Net» маркасымен интернет қызметі беруге дайындалады. Осы арқылы бұрынғы инфрақұрылыммен интернетке байланыса алмаған кен шахталары, құрылыс орындары сияқты жерлерде жоғары жылдамдықтағы экономикалық интернет пакеті қызметі ұсынылады.

Ватан газеті «Айт үшін жеңілдетілген сауда күндері басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда орталықтары бағаларынан төмен сауда жасауға мүмкіндік беретін «Айт сауда күндері» Стамбұлдағы CNR EXPO Йешилкөйде басталды. 16 шілде күніне дейін ашық болатын организация ауыз ашардың артынан сауда жасауға жағдай жасайды. 200-ден астам фирма қатысатын көрмеге 1 миллион келуші күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар