Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

512697
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Тоғыз қадамда қалыпқа ену» деген хабар жариялаған.  Түрік әуе кеңістігіне кірген орыс ұшағы құлатылғаннан кейін дағдарыс болған Түркия мен Ресей қарым-қатынастарында қалыпқа ену қадамдары келе бастады. Өзара басылатын қадамдар арқылы бұрынғы күндерге оралуды нысанаға алған Анкара 9 қадамнан тұратын жол картасын анықтады.  Анкара Ресеймен қатынастардың дамуы үшін өзара қадамдармен жылжуды жоспарлап отыр. Осылайша үдеріс жылдам болады деген ой басым. Екі ел халықтарының байланыстарын жоғары деңгейге жеткізу үшін медиа және азаматтық қоғамдық ұйымдармен байланыс қалыптастырылады. 15 желтоқсан күніне дейін дағдарысты шешу мақсат етіліп отыр.  6 айлық үдерістің алғашқы үш айында Анкара әкімшілігі Ресейдегі барлық шараларға жиналыстарға қатысады, 1 қыркүйек күніне дейін экономикалық, саяси,  мәдени және әлеуметтік саладағы зиян анықталып болады.

Ватан газеті «Түрік компаниялар Грекияда порт іздеуде» деген хабар жариялаған. 2018 жылға дейін жекешелендіру бағдарламасын аяқтауды нысанаға алған Грекияның порттарынан темір жолдарына,  энергия компанияларынан туризм секторына дейін көптеген базаны қамтитын жекешелендіру бағдарламасына Түркиядан да қызығушылық бар. Жекешелендіру жауаптысы Грекия Болмыс жетілдіру фонды төрағасы Стергиос Питсиорлас өзіне қазірге дейін көптеген түрік іскерінің келгенін айтып, «Жекешелендіру бағдарламасына түрік компанияларының қызығушылығы артады деп сенемін» деді.

Стар газеті Стамбулдағы сауда фестиваліне орын берген.  Түркияның ең ірі туризм,  сауда және қалалық бренд жобасы Стамбул Shopping Fest (İSF) биыл ораза айтқа дөп келеді.  Шоппинг фест Стамбулда қос мереке болады.  атақты жеңілдік күні 2 шілде күні « Mall of İstanbul» сауда орталығында болады.

Хүрриет газеті «Ұлыбританияда депутатқа қастандық» деген хабарға орын берген.  Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамында қалып қалмайтыны белгілі болатын тарихи референдумға бір апта қалғанда ЕО-ны жақтайтын көзқарастарымен танымал Жұмысшы партиясы депутаты Джо Кокс қайтыс болды.  Ол сайлау акциясы кезінде қарулы және пышақ шабуылында қаза тапты.

Сабах газеті «Энн  Хэ́тэуэй – БҰҰ Игі ниет елшісі» деген хабар жариялаған.  БҰҰ-ның игі ниет елшісі атақтылары қатарына Энн Хэ́тэуэй де қосылды. Николь Кидман және Эмма Ватсоннан кейін игі ниет елшісі деп жарияланған Хэтэуэй гендерлік теңдік және әйелдің қоғамдағы орнының нығайтылуы тақырыбында жұмыс істейтін болады.



Ұқсас жаңалықтар