Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

512154
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Жылы сөздер орнын тапты, екі ел де қалайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әуе кеңістігін таптаған орыс ұшағының құлатылуымен дағдарысқа ұшыраған Түркия-Ресей ынтымақтастығының қайтадан ретке келтірілуі үшін екі жақты болымды қадамдардың бірінен соң бірі басылады. Президент  Режеп Тайып Ердоғанның 12 маусым күні Ресей күніне орай Ресей президенті Владимир Путинге жолдаған хатына Ресейден жауап кешікпеді. Мәскеу әкімшілігі кеше жасалған мәлімдемеде «Түркиямен жақсы қарым-қатынастарды қайтадан құрғымыз келеді» делінді. Сондай-ақ Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Андрей Карлов болса кеше президент Ердоғанның шақыруымен ауызашар бағдарламасына қатысты.

Ватан газеті «Азық-түлікте Еуропадағы ең арзан елдер қатарындамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистика мекемесі Сатып алу күші паритеті (Азық-түлік, сусын және темекі) 2015 қорытындысы жарияланды. Осыған қарағанда Еуроодақ мүшесі елдер құрамындағы 37 ел салыстырғанда азық-түлік және алкогольсіз ішімдіктер тұрғысынан ең қымбат ел 173 баға индексімен Швейцария, ең төмен ел 58 баға индексімен Македония болды. Türkiye, 90 баға индексімен осы елдер арасында 23-ші кезекте орын алды.

Хабертүрік газеті «Сыртқы бағыныштылықты кендер азайтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Күтахияда бір лигнит шахтасын аралаған премьер-министр Бинали Йылдырым «Лигнит шахталары еліміздің өркендеуі, ұлтымыздың өмір салты үшін жұмыс істейтін жұмысшыларымыздың арқасында ашық және белсенді болады. Шетелге бағыныштылықты азайту үшін бұл кәсіпорындарды одан көп қолдауға шешім қабылдадық. Осылайша көптеген жұмыс саласы құрылып, энергия қауіпсіздігі кепілдікке алынады» деді.

Хүррийет газеті «Обама Трампқа наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың Орландо қаласында Омар Матеен атты мұсылман АҚШ азаматының түнгі клубқа баса кіріп 49 адамды өлтіруінің артынан республикашылар партиясы президент үміткері Дональд Трамптың бүкіл мұсылмандарға қарсы бөлшектенушілікті алға тартуына АҚШ президенті Обамадан наразылық кешікпеді. Республикашылардың президенттік сайлау үміткерінің барлық мұсылмандардың АҚШ-қа кірісіне тыйым салу ұсынысына қарсы шыққан Обама «АҚШ-тық мұсылмандарға әртүрлі ұстаным көрсетіп, оларды бақылауға алайық па?» деді. АҚШ-тың діни еркіндіктер үстіне құрылған бір ел екенін атап айтқан Обама «Егер бұл құндылықтарды тастайтын болсақ, қорғауға тырысқан құндылықтарға қарсы сатқындық жасаған боламыз. Мұның болуына рұқсат бермеймін» деді.

Сабах газеті «Францияда бірінен соң бірі дағдарыстар артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядағы шерулерді «еркіндік» деп бағалаған Франция қазір өз елінде жұмыс тастау акциялары мен протесттерге тыйым салуға жетті. Франция президенті Франсуа Олланд жұмыс заңы жобасы протесттерінде адамдарға және мекемелерге тиесілі мүліктерді қорғау ережелері қамтамасыз етілмеген жағдайда, шерулерге рұқсат берілмейтінін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар