Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

509658
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «АҚШ-тағы қырғында 50 адам қаза тапты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттары кеше тарихының ең қанды қарулы шабуылымен шайқалды. Флорида штатына қарасты Орландо қаласында автоматты қаруымен  кеше түңгі клубқа басып кірген Омар Матеен атты бір террорист 50 адамды өлтіріп, 53 адамды жаралады. 29 жасар және ауған текті шабуылшы полициямен қақтығыс кезінде өлтірілді. Шабуыл алдында 911 жедел жәрдем желісіне телефон шалған Матеен ДАИШ-ке бағынғанын атап айтты.

Сабах газеті «Экономикалық өркендеу пакеті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда үкімет экономика саласында төңкеріс жасайтын жаңа жол картасын нақтылады. Бұған қарағанда Түркиядан үй сатып алған шетелдікке алдымен ықтиярхаты, кейін азаматтық беріледі. Кеден Одағында ревизия 2017 жылы аяқталады. Стратегиялық салаларда жергілікті және шетелдік екеніне қарамастан Министрлер Кеңесі шешімімен жеке тұлға, фирмаға арнайы, энергияда баға кепілдігі, қатынас, порт, жер сияқты қолдаулар беріледі. Ирандағы сауда кеңесшілігі саны 5-ке жеткізіледі. Екі ел арасындағы сауда 50 миллиард долларға жеткізу нысанаға алынады.

Ватан газеті «1 жылда 181 миллион жолаушы ұшты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда 2015 жылы соңы көрсеткіштеріне қарағанда авиация саласының табысы 23.4 миллиард доллар, салада жұмыспен қамтамасыз етілген қызметкер саны 191 мың 716-ға ұласты. Азаматтық авиация бас дирекциясының рапорттарына қарағанда, әуе жолын пайдаланған жолаушы саны 10 жылда 200 пайыз артып, 181,4 миллионға ұласты. Әуе жолы фирмасының үлкен кеуделі ұшақ саны болса 10 жылда 259-дан 489-ға өсті.

Хабер түрік газеті «Агенттіктер ирактықтар үшін визаны 10 есе жылдамдатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия виза талап еткен Иракта консулдықтардағы үйілу мен кешігудің алдын алғысы келген мемлекет визада саяхат агенттіктерін де іске қосты. Бұған қарағанда Ирактан келетіндердің келіп қайтуына кепілдік беретін кезкелген тур фирмасы арқылы ирактықтарға виза тездетіп беріледі.

Хүррийет газеті «Афиныда Текбилек тәнті етті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өмер Фарук Текбилектің Грекияның бас қаласы Афиныда 2 мың 500 орынды ашық аспан концерт залы «Theatro Vrahon» да грек және армян музыканттармен бірге берген концерті келушілерді тәнті етті. Текбилектің «Әкем мен балам», «Жаушы» сияқты фильмдердің музыкаларын жазған Эвантхиа Ребучика, Сирияда дүниеге келген армян сазгер Хаик Язижиян, кларнет виртуозы Петролукас Халкиас және Түркияда да танымал әнші Мелина Канамен берген концерті 3 сағатқа жалғасты. Концертте Текбилек сахнадағы достарымен кейбір танымал түрік әндерін грек тілінде шырқады.



Ұқсас жаңалықтар