Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

508074
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «порт ашылса,  эмбарго бітеді» деген хабарға орын берген.  Түркия мен Израиль арасында «қатынастардың қалыпқа енуі» үшін келіссөздер жалғасып жатқанда,  Газадағы Палестина үкіметі премьер-министрі Исмаил Хание «Йени Шафак» газетіне мәлімдеме жасады.  Хабарға қарағанда, ол «Түркия Газаға эмбаргоны жою үшін табанды және жауапкершілікпен қозғалуда.  Үстелде Түркия мықтырақ. Біз үшін маңызды нәрсе – порт мәселесі.  Порт ашылса,  Газада эмбарго бітеді» деді.

Стар газеті «2023 нысанасы: 2 миллион медициналық туристтен 20 миллиард доллар табыс» деген тақырып қолданған.

Медицина туризмінде науқас және табыс тұрғысынан Америка әне Германиядан кейін үшінші орында келетін Түркияның 2023 жыл үшін нысанасы 2 миллион медициналық турист және 20 миллиард доллар табыс. Бүгін туризмнен барлығы 20 миллиард доллар тауып отырған Түркияның дұрыс қадамдармен медицина туризмін жоғары деңгейге келтіргенін білдірген Түркия Медицина туризмін жетілдіру қоғамы төрағасы Мери Истироти «Медицина туризмі 2005 жылдан бері Түркияда дамып келеді. Түрік дәрігерлерінің кәсіптерінде жетік болуы,  жоғары технология,  заманауи ауруханалармен қоса қонақжайлық та Түркияны таңдауға себеп болады. АҚШ-та қолма қол ақша төлеген науқасқа Түркия 4 есе арзан. Еуропаға қарағанда Түркияда баға жартылай арзан» деді.

Сабах газеті «Алданған террористтер ДАИШ-тен қашады» деген хабарға орын берген. Ирак және Сириядағы стратегиялық жерлерден бірінен соң бірі айырылып отырған террор ұйымы ДАИШ-тің бос арманға алданып келген террористтердің қашып кетуіне де кедергі бола алмағаны ортаға шықты. Франция Ұлттық барлау координаторы «Енді ыдырау үдерісінде екендерін біледі. Көптеген террорист бізбен байланысқа өтіп, елдеріне оралуға тырысуда. Көбісін қашып бара жатқандар қолбасшылары атып өлтіреді» деді.

Хабер Түрік газеті «Обаманың алаңы» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама республикашылардың кандидаты Дональд Трампты тағы бір рет сынады. Хабарға қарағанда ол «Республикашылардың президенттікке кандидат тұлғалары ісін атқара алатын болуы керек.  Мен олар үшін алаңдаймын» деді.

Ватан газеті спорт тақырыбына орын берген. Хабарға қарағанда EURO 2016 бүгін басталады. Жасалған сауалнамаға қарағанда ең жалынды жанкүйерлер түріктер болып шықты. еуропалық жанкүйерлердің тек 9 пайызы командасын тамашалау үшін бір билетке 200 евро мен одан да көбін беретінін айтса,  түріктердің арасында бұл көрсеткіш 23 пайыз болды.

 



Ұқсас жаңалықтар