Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

496630
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Түркия адамгершілік есігін жаппайды» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған  60-қа жуық мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен жаһандық гуманитарлық көмек жүйесі талқыланған Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммитінде «Он мыңдаған баланың қаза табуына көрермен болып қалған бір жүйеде проблема бар» деген сөздерімен БҰҰ-нда реформа жасауға шақырды.  Түркияның барлық шартта қиындықтағы адамдарға көмектесетінін білдірген Ердоған «Кім болса болсын,  есігіміз әрқашан адамдарға, адамгершілікке жабылмайды» деді. Ердоған әлемде ең көп босқынды паналатып отырған Түркияның халықаралық қоғамнан қолдау мен үлесті жеткілікті түрде көре алмағанын айтты.

Стар газеті «АҚШ пен Ресей арасында дағдарыс» деген хабарға орын берген.  Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде АҚШ-тың бір ұшағының 22 мамыр күні Жапон теңізінің үстінде барлауда жүргенде Ресей шекарасына жақындағаны анықталғаны айтылды.  АҚШ-тың Мәскеудегі өкілетті елшілігінде міндетті бір әскери атташенің осы тақырыпқа байланысты Ресей Қорғаныс министрлігіне шақырылғаны білдірілді.  Кездесуде осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін қажетті шараларды қолдану керектігіне назар аударылды.

Сабах газеті «Халықтардың демократия партиясының депутаттарына халықтан наразылық келді» деген хабар жариялаған.  Террор ұйымы PKK-дан тазаланған Диярбакырдың Сур ауданында азаматтар террормен арасын аулақтата алмаған ХДП депутаттарына наразылық білдірді.  Азаматтар «Неге келесіңдер? сіздердің салдарынан алты айдан бері үйлерімізге кіре алмай отырмыз» деді. Террористтердің шабуылдары нәтижесінде шығындарға,  мектептер,  ауруханалар,  мешіттердің қирауына ХДП депутаттарын да жауапты деп есептеген азаматтар «Кетіңдер» деді.

Ватан газеті «Түркия мен Украина визасыз режимді 90 күнге шығарады» деген хабарға орын берген.  Түркия мен Украина арасында азаматтардың саяхаттарында 60 күн болып табылатын визасыз тұру мерзімі өзара 90 күнге шығарылуы жөнінде келісім жасалды.  Жаңа режим Түркияның Украинамен саяси,  экономикалық,  сауда және туризм саласындағы қатынастарын тереңдетіп,  халықтардың жақындаса түсуіне көмектеседі.

Хүрриет газеті «Түркияда жасы 40-тан төмен басшылардың саны артуда» деген хабарға орын берген.  Түркияда беделді компанияларда CEO міндетін жаңа буынға тапсырғандардың саны артуда.  Отбасы холдингтеріндегі әмеңгерлермен бірге кәсіби басшылардың бизнес әлеміндегі ең биік міндетінде жас орташасы төмендеуде. 2025 жылы барлық жұмыс күшінің 75 пайызын жастар қалыптастырады деп болжалуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар