Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

487625
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті Президент Ердоғанның Стамбулдағы құрылысы жалғасып жатқан әуежайға барғанын хабарлаған.  Түркияның дамып жетілуін қаламайтын кейбіреулердің нысанасына айналған әрі жобалардың бірі Стамбулдағы әлемнің ең үлкен әуежайы жобасы бар қарқынымен жалғасуда.  Президент Режеп Тайып Ердоған 20 пайызы аяқталған жаңа әуежайға барып көрді.  Құрылысы аяқталғанда 150 миллион жолаушылық әлеуеті болатын әуежайының бірінші сатысы 2018 жылдың ақпан айында ашылады.

Ватан газеті «100 адамның 75-і Еуроодаққа кіруге қолдау береді» деген тақырыппен хабар жариялаған. Экономикалық Даму қоры төрағасы Айхан Зейтүноғлу «Түркияда қоғамның Еуроодақ мүшелігіне қолдау көрсеткіші 75,5 пайыз» деді. Қор жүргізген сауалнамаға қарағанда 2015 жылы 61,8 пайыз болған қолдау көрсеткіші 13 ұпай көтерілді. Қолдау бергендердің 45,4 пайызы мүшелік арқылы молшылықтың артуы, 35,8 пайызы Еуропада саяхат, қоныс тебу және білім мүмкіндігі, 33,8 пайызы адам құқықтарында жақсару күтетіндерін айтты.

Йени Шафак газеті экономикалық жаңалыққа орын берген. Газеттің хабарына қарағанда,  өнеркәсіп өндірісі бірінші ширекте 5,6 пайыз артып,  өсімнің мықты болатынына белгі берді. Өсімнің ең мықты көрсеткіштерінің бірі өнеркәсіп өндірісі экспортқа сүйенетін секторлардың қолдауымен наурыз айында да 4,7 пайыз артты. Жаһандық нарықтар және аймақтағы көптеген оқиғаға қарамастан өнеркәсіп өсімінің мықты болуы Түркия үшін өте маңызды табыс.  Бірінші ширекте ішкі сұраныстың азаймауы,  Еуроодаққа экспорттың жақсаруы  өнеркәсіп өндірісіндегі өсімнің басты себептері арасында келеді.

Стар газеті «Шекараға қарулы пилотсыз ұшу аппараттары келеді» деген хабар жариялаған.  Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар көру қабілеті және маневр ерекшеліктері жағынан сынақтары жалғасып жатқан пилотсыз ұшу аппараттарының жақында қолданыла бастайтынын білдірді. Қарулы пилотсыз ұшу аппараттары әсіресе қолайсыз ауа райында жақсы нәтиже берді.  Осы тақырыпта АҚШ-та өндірілген ұшу аппараттарын да артта тастады.

Хабертүрік газеті туризм хабарына орын берген. Дүние жүзіндегі «тыныш қалалар» қатарында есептелген Эрзурумның Узундере ауданы туризмде өзіндік орын алуға дайындалуда.  Ауданға жаңа инвестициялар салынып,  мыңдаған жылдық тарих мен табиғи сұлулықтар туристер үшін тартымды болатын болады.  Түркияның ең биік сарқырамасы осында, Тортум көлі және осы көлден аққан сулармен қалыптасқан 7 көлшік те назар аударады. Өшванк монастыры,  тарихи қамалдар және кішкентай шіркеу қалдықтары туристердің қызығушылығын арттыра түсетіні даусыз.

 



Ұқсас жаңалықтар