Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

480212
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Хорватиямен сауда көлемінің нысанасы 1 миллиард доллар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Хорватия-Түркия инвестиция форумында сөйлеген сөзінде 2006 жылы 270 миллион доллар болған екі жақты сауда көлемінің қазір дағдарыстарға қарамастан шамамен 355 миллион долларға өскенін, нысананың болса 1 миллиард доллар екенін атап айтты. Президент Режеп Тайып Ердоған Хорватия президенті Грабар Китаровичпен қатысқан инвестиция форумында Түркия мен Хорватияның болашаққа бағытталған мықты іргетастар қалауға тұрақты екеніне сенгенін білдірді.

Сабах газеті «ДАИШ-тің 800 миллион доллары буға айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттары басшылығындағы коалиция ұшақтарының террор ұйымы ДАИШ-ке тиесілі ақша қоймаларын нысанаға алып, террор ұйымының 800 миллион долларын жойғанын жариялады. Бағдатта қызмет еткен АҚШ-тық генерал Петер Герстен тек қана Мосулдағы бір қоймада 150 миллион доллар, жалпы алғанда 800 миллион доллар көлемінде ақшаның жойылғанын жариялады. Орталығы Ұлыбританиядағы BBC телеарнасына сөйлеген Герстен «Ұйымнан қашқандар санында 90 пайыз арту байқалды. Кейбір ұйым мүшелері әйелдей киініп, босқындардың қатарына қосылуда. Осы арқылы қашуға тырысады. ДАИШ-ке қатысушылар саны да айына 2 мыңнан 200-ге дейін азайды» деді.

Хабертүрік газеті «Танымал музыкант сириялықтар қалған лагерлерде музыка сабағы беруге дайындалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда мүшелері арасында Таркан, Теоман, Ялын, Сезен Аксу, Кенан Доғулу, Гөксел, Сердар Ортач, Гүлшен, Атхена, Грипин, Ханде Йенер сынды көптеген әнші бар Музыка шығармалары иелері кәсіподағы (MSG) сириялықтар өмір сүрген лагерлерде музыка сабағы беру үшін бір жоба дайындауда. Тақырыппен байланысты премьер-министр Ахмет Давутоғлуна да мағлұмат берілді. Жоба аясында елдеріндегі ішкі соғыстан қашқан сириялықтар паналаған босқын лагерлерінде құрылатын музыка сыныптарында апта сайын бір музыкант сабақ өтеді. Алғашқы сабақтар үшін Килис таңдалды. Кейін жоба барлық лагерлерді қамтитын болады.

Йени шафак газеті «Галатасарай Еуропа чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Баскетболдан Галатасарай Одеобанк ULEB Еуропа кубогы (Eurocup) финал матчында француз өкілі Страсбургты 78-67 жеңіп, Еуропа чемпионы аталды. «Eurocup»-ты мұражайына апарған Галатасарай еркектер баскетболда тұңғыш чемпиондыққа қол жеткізіп, тарихқа қол таңба қалдырды.

Ватан газеті «Өмірдегі дана Хавкинг үшін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Гарвард Жас Академигі мүшелігіне сайланған Түркияның тұңғыш ғалымы Жанан Дағдевирен әлемге танымал Степан Хавкингті Harvard Society’de күтті. Дағдевирен ALS пен ауырғаны себепті орындықта өмір сүрген Хавкингке өзі үшін жетілдірген жаңа аппаратты таныстырды. Дағдевирен танымал физика маманымен бірге түскен фотосуретті болса твиттерден бөлісті. Дағдевиреннің ең маңызды жаңалығы жүрек жеткіліксіздігімен ауырғандарға жобалаған жүрек батареясы  болатын. Дағдевирен мұның алдында да тері ісігімен ауырғандардың дертін 10 секундта анықтайтын  бір аппарат жетілдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар