Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

478215
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Террорға қолдау еркіндік емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Атазаң соты төрағасы Зүхтү Арслан террорға және қақтығыстарға ынталандыратын сөздердің сөз еркіндігі ретінде қабылданбайтынын атап көрсетті. Террор мен сөз еркіндігі арасындағы байланысқа тоқталған Арслан «Сөз еркіндігі демократияларда ең маңызды мәселелердің өзін еркін пікірталасқа қою және шешім ұсыныстарын қорғауға мүмкіндік береді. Мұның алғы шарты болса террорды және қақтығыс сөйлемдерін тастау. Террор мен қақтығысты ынталандырушы сөйлемдер сөз еркіндігінің қорғауында емес» деді.

Йени шафак газеті «Африкадан Түркияға алғыс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда африкалық босқындар түрік байрақтары және президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс жазылған плакаттармен Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында бас қосты. Босқындар Түркияның және Ердоғанның бейшараларға ие шыққанын, бүкіл мұсылман елдер үшін үлгі болғанын атап көрсетті. Марокколық академик Мұстафа Саиди болса Ислам әлемінде басшы ізденісі бар екенін, Ердоғанның қайырымдылық және басшылық атынан таптырмас бір басшы күш екенін атап айтты.

Сабах газеті «Ердоғанның бөлмесі телесериал студиясына айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияда өткен Үлкен 20 елдері саммиті жиналыстары туризм саласын жандандырды. Президент Режеп Тайып Ердоғанның Үлкен 20 елдері саммиті кезінде аялдаған Анталиядағы вилла әсіресе Таяу Шығыстан келген телесериал режиссерлерін қызықтырады. Вилланы теле сериал студиясына айналдырған «Үлкен үй» сериалының режиссерлері үш аптадан бері 70 адамнан тұратын жұмыс тобымен қонған қонақүйде 3 айға жалғасатын теле сериалдарын түсіруде.

Хүррийет газеті «Стамбұлда көктем раллиі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл парк «Классикалық автокөлік көктем раллиі 2016» үшін қонақжайлық жасады. 23 сәуір сенбі күні 100-ге жуық классикалық автокөлік қатысқан көктем раллиі Стамбұл мен айналасында шамамен 220 шақырымдық жолда 6 бөлек сатыда жүзеге асты. Измитке дейін созылған ралли жексенбі күні Стамбұл паркта аяқталды. Керемет көріністерге сахна болған классикалық автокөлік раллиі келушілерді тәнті етті.

Ватан газеті «Нобель сыйлығын алған түрік ғалым дарынды балалармен бас қосады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Нобель Ғылым сыйлығының иегері профессор Азиз Санжар Жалпы дарындар қоғамы (TÜZDER) ұйымдастырған «Дарындар күні» себепті 22 мамыр күні Стамбұл Йылдыз техникалық университетінде ұйымдастырылатын дарынды балалармен бас қосады. Биохимия мен биофизика профессоры Азиз Санжар мұғалімдер мен ата-аналарға маңызды кеңестер береді.



Ұқсас жаңалықтар