Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

473014
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Мәжілісте дау-дамайлы кезең басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәжілісте қол сұғылмау құқын жою туралы ең маңызды қадам осы апта басылады. Әділет және Өркендеу партиясының кейбір террористтердің қол сұғылмаушылық ережесін күшінен жою сұраныстарының сотқа жіберіп, депутаттарды соттауға мүмкіндік беретін атазаңы өзгерісі ұсынысы осы апта Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Атазаңы комиссиясында қолға алынады. Ұсыныстың Жалпы кеңестегі келіссөздерінің артынан келесі апта жүзеге асырылуы күтіледі.

Йени шафак газеті «Отандық CERN үшін соңғы сатыға жеттік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда зарядталған бөлшектерді үдеткіш зерттеулері жүргізілетін Еуропадағы Атомдық зерттеулер орталығы (CERN) сияқты «Түрік зарядты бөлшектерді үдету орталығы» жобасында соңғы сатыға жетті. Орталық жайлы баяндаған жоба жетекшісі профессор док. Өмер Яваш жұмыстарда соңғы сатыға келгендерін мәлімдеді. Яваш, бөлшектер физикасы және атом физикасынан бастап, көптеген салада жетілген технология зерттеулері жүргізілетінін атап айтты.

Хабер түрік газеті «АҚШ бұл түрікті әңгіме қылуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 32 жасар түрік ғалымы доктор Жанан Дагдевиренге әлемнің ең маңызды ғылым орталықтарының бірі Массачусетс Технология Институты (Massachusetts Institute of Technology-MIT) профессорлық мәртебесін ұсынды. Ұсынысты қабылдаған доктор Дагдевирен қаңтар айынан бастап бұл міндетке берілген атақпен көшетінін атап көрсетті. Гарвард Университеті Жас академия мүшелігіне сайланған тұңғыш түрік ғалымы доктор Дагдевирен Массачусетс Технология Институтының технология журналы мен Форбес журналы тарапынан жаңалық ашқан жас ғалымдар тізімінде орын алған болатын.

Сабах газеті «Османлы мен Республика антикварларына үлкен қызығушылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Османлы мен Республика кезеңіне тән өте сирек кездесетін шығармалар Стамбұлда ұйымдастырылған аукцион арқылы сатылды. Аукционда Топкапы сарайы үшін арнайы жасалған үй заттары қатты назар аударса, қолжазба Құран 180 мың лираға сатылып, аукционның ең қымбат сатылған шығармасы болды.



Ұқсас жаңалықтар