Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

469438
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Сайтанды таң қалдыратын қу тактикалар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ПКК-лық террористтер Шырнак орталығы мен Жизре, Идил және Силопи, Мардиннің Нусайбин, Даргечит және Дерик, Диярбакырдың Сур, Хаккаридің Юксекова аудандарында таң қалдыратын әдістермен қанды шабуылдар жасауда. Қауіпсіздік күштері болса ПКК-ның қу тактикаларымен күресуде. Террористтер ор қазған және баррикадалар құрған қала мен аудандарда қолдан жасалған жарылғыштарды, шалшықтардың ішіне, Құранның түбіне, есіктердің аркасына, бесік пен қазандардың ішіне тұзақтап жерге көмеді.

Хабертүрік газеті «Шекараны миналардан тазалау үшін Еуроодақтан 80 миллион евро» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ Түркияның Шығыс пен Оңтүстік шекараларының минадан тазаланып, шекара күзету қабілетін арттыруға қолдау береді. Осы мақсатпен жетілдірілген жоба аясында Түркияның Армения мен Иран шекараларында мина тазалау жұмыстары сәуір айының соңында басталып, 2017 жылы желтоқсан айына дейін жалғасады. Бұл жоба Түркиямен жүргізілген виза еркіндігі келіссөздерінде орын алған шекара интеграциясы жүйесі үшін маңызды қадам болады. Түркияның Шығыс пен Оңтүстік шекараларына қоныстандыру мақсатты радар мен жылу сенсорлары болған 82 күзету көлігі қамтамасыз етіледі. Мина тазалау және күзету көліктерін қамтамасыз ететін жобаның жалпы бюджеті 106 миллион евро. Бұл шығынның 80 миллион евролық бөлігі Еуроодақ тарапынан қаржыландырылады.

Хүррийет газеті «Түркия ресми түрде шағымданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия неміс күлдіргі әртісті Йан Бөхмерман жайлы президент Режеп Тайып Ердоғанды қорлау айыбымен сот ашу үшін жұма күні неміс сыртқы істер министрлігіне ресми түрде шағымданды. Түркияның Берлин өкілетті елшілігі немыс сыртқы істер министрлігіне «Тергеу бастаңдар» деп ауызша нота берді. Неміс жаза заңының 103-ші бабына сәйкес шетел мемлекет басшыларын қорлауды реттейді және 3 жылға дейін соттауға үкім береді. 104-ші бабы болса «Сотқа шағымдану үшін мемлекеттің өзі сотқа өтініш беруге тиісті» деп жазғандықтан Түркия бұл аяда шағымын жасады.

Сабах газеті «Үйінділер арасында ойын үзілісі» » атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирияда дипломатиялық талпыныстардың жалғасуы үшін жасалған атысты тоқтату әртүрлі бұзушылықтармен жалғасып жатқанда, шабуылдардың тоқтауы әсіресе балаларға ұнады. Дамасктың қиыр аймағы Жубарда балалар үйінділер арасында шарлар ұшырып көңілдерін көтерді. Башар Асад режимі және оған қолдау берген Ресейдің Халебте ауқымды бір операцияға дайындалғаны жайлы жаңалықтар шабуылдардың қайтадан жазықсыз адамдарды нысанаға алу ықтималы уайымдарын арттырды.

Йени шафак газеті «Түркия естімесін, АҚШ жасырын түрде ДАИШ-пен кездесті» » атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ДАИШ-пен күрес аясында Иракқа 400-ден астам әскери кеңесшісін жіберген АҚШ-тың террор ұйымы ішіндегі БААС жақтаушысы қолбасшылармен кездескені ортаға шықты. Ирак ақпарат көздеріне қарағанда АҚШ-тық 7 барлау ұйымы қызметкерінің ұйымның маңызды екінші тұлғасы Әбу Ахмет эл-Алванимен бас қосқаны алға тартылды. Ирактық мамандар Әл-каиданы жою жобасынан басқаша түрде АҚШ-тың БААС жақтаушылар мен ДАИШ-тік террористтерді бір-бірінен айырып, БААС жақтаушыларын жүйеге интеграциялау жоспарының іске қосылғанын атап көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар