Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

468567
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Алғашқы допты Ердоған тепті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бешикташтың жаңа стадионы «Vodafone Arena» ресми түрде ашылды. Президент Режеп Тайып Ердоған «Бешикташқа кешіккен хақы қайтарылды. Қара бүркіттердің даңқына лайықты бір стадион салынды» деді. Ашылу лентасын кескен Ердоған стадионға кіріп, алғашқы допты тепті. Президент Ердоғанға қоса премьер-министр Ахмет Давутоғлу, министрлер, 11-ші президент Абдуллах Гүл және Бешикташ футбол клубы төрағасы Фикрет Орман көгалда доп ойнады.

Йени шафак газеті «Еуропаның террормен емтиханы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия қызыл бюллетенмен іздеу салған бірақ Еуроодақ (ЕО) елдерінің кері қайтарғысы келмеген ПКК-лық 350 террористің қайтарылуын талап етеді. Түркия жылдардан бері ПКК-лық террористтерді кері қайтармаған Еуроодақ елдеріне Швейцария соты Германия полиция ұйымынан кері қайтарылуын талап еткен ТИККО террористі Мехмет Йешилчалы туралы 8 наурыз күні қабылдаған сот шешімін үлгі ретінде көрсетеді.

Хүррийет газеті «Тағы мектеп өртеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ПКК-лық террористтер алдынғы түні Ван Эдремитте үш қабатты Киняс Картал мектебіне Молотоф коктейлімен шабуылдады. Өрт сөндіру топтарының талпыныстарына қарамастан мектептің кейбір жерлері қолданыстан шықты. Электр жүйесі де толығымен өртенген мектептегі материалды шығын 200 мың лирадан асады.

Хабер түрік газеті «Диярбакыр-Эрбиль рейстері басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Диярбакырдан шетелге тұңғыш ұшақ рейстері басталды. Түрік әуе жолдарына тиесілі 71 жолаушылы рейс Ирактың Эрбиль қаласына ұшты. Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Мехти Экер «Рейстер Диярбакыр мен Эрбиль арасындағы сауда және туристік ынтымақтастықты жетілдіруге үлкен үлес қосады» деді. Диярбакыр губернаторы Хүсейин Аксой болса Диярбакыр-Эрбиль рейстерінің аптасына 3 күн ұшатынын атап көрсетті.

Ватан газеті «Яхталардың шовы мамыр айында Стамбұл Тузлада» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаңа модель қайықтардың арнайы жеңілдіктер және бағаларымен таныстырылатын, «Yacht Show Eurasia» көрмесі 5-10 мамыр күндерінде Стамбұлда өтеді. Тузладағы «Viaport Marina» алаңында ұйымдастырылатын көрмеде ұзындығы 3 пен 40 метр арасында өзгерген 200 бөлек қайық орын алады.



Ұқсас жаңалықтар