Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

467303
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Тәуелсіз Сирия армиясы есікті бақылауға алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Тәуелсіз Сирия армиясы мен Фатх армиясы Сирияда террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы Эл-Рай (Чобанбей) ауданын кері қайтарды. Килистің Элбейли ауданына қарама-қайшы орналасқан Эр-Рай ауданына Түркия ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ПЙД-нің кіруін қаламайтын. Азез-Желабрус желісінде орын алған аудан стратегиялық маңызға ие. АҚШ аталмыш желіден ДАИШ-тің шығарылуын талап етсе, Түркия ДАИШ-тің орнына өзі қолдау берген Араб және түрікмен тайпалары оппозициялық тобының кіруін қалайтын.

Йени Шафак газеті «47 шешенің айқайы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 3 жылдан бері (Асад) режим күштерінің қоршауы астындағы Сирияның Дера қаласында 47 әйел халықаралық қоғамға жазған ашық хатта жақын уақытта жәрдем жіберілмейтін болса балалары мен туысқандарының аштан өлгеніне куә болатындарын ескертті.

Хат «Жақын және алыс, хатты жіберген баршаға жедел жәрдемге мұқтаж екенімізді айқайлаймыз» деп жалғасады. Әйелдер жазғандары ашық хатпен үндерін еститін біреу іздеп жатқанда, бірнеше шақырым қашықтықтағы Ша аймағындағы БҰҰ жәрдем кеңсесі үнсіз қарап отыр. БҰҰ-на қарасты Гуманитарлық қатынастар координаторлығы (OCHA), 3 айдың ішінде жәрдем жіберілген аймақты қоршау астында екенін мойындамайды. Аталмыш мекеме оқиғаның ауқымын жасырумен айыпталуда.

Стар газеті «Әлем алпауыттарының таңдауы Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия шетелдік инвесторлардың назарын аударуда. Түркияға инвестиция салған фирмалар арасында Тойота, канадалық «Bombardiler», «Mercedes-Benz» және кореялық «Hyundai» сияқты автокөлік фирмалары орын алып жатқанда, неміс «HOMES» Түркияда жылжымайтын мүлік саласында 200 миллион евро инвестиция салатынын жарияласа, Шығанақ елдерінің үлкен инвесторларының бірі катарлық «Retaj Group» 700 миллион долларлық инвестиция жоспарлағанын жариялады.

Хабертүрік газеті «Түрік ғалымдары Антарктидада» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Антартида құрлығында ғылыми зерттеулер жүргізетін Түркияның әртүрлі университеттерінен ғалымдар Аргентинадан жолға шығып, алдынғы күні құрлыққа ұласты. Түрік зерттеушілер тобы аймақта Украинаға тиесілі "Вернадский Зерттеу станциясында" украиналық ғалымдармен 15 күн ортақ жұмыстанады. Станцияда Украинаға қоса, түрік байрағы да желбірейтін болады.

Ватан газеті «Қалаларды жаңарту арқылы қалалар маркаға айналатын болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұлда ұйымдастырылған Марка қалалар саммитіне Стамбұл қол таңба алдырды. Қалалардың маркаға айналуында үлес қосқан фирмалар қатысқан саммитте қалалардың Түркияда марка күші бар қалаларда жасалатын жұмыстар қолға алынды. Саммитте Анадолы қалаларының марка күшіне де назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар