Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

461970
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Давутоғлу жұма күні Сурға барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу жұма күні (ертең) Диярбакырға барады. Давутоғлу Сур ауданындағы операциялардың аяқталуының артынан аймақты аралап, жаңалықтар жайлы лауазымдылардан ақпарат алады. Қала жаңарту жоспарлары, Сурдағы реставрация кезеңі мен реабилитация кезеңі үшін атқарылатын жұмыстар мен жол картасы премьер-министр Давутоғлуна түсіндіріледі.

Хүррийет газеті «Ең жылдам кеш» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда мобильдік аппараттардағы интернет байланыс жылдамдығында жаңа бір кезеңнің есігін ашқан 4,5G бүгін түнгі уақыттан бастап Түркиядағы абоненттерге ұсынылады. Ақылды телефон мен планшет сияқты ақылды жиһаздардағы интернет қазір қолданған 3G-мен салыстырғанда кем дегенде 10 есе жылдамдайды. Үйде қолданған тұрақты интернет жылдамдығының өзі 4.5G арқылы артта қалады.

Йени шафак газеті «Дайын киім саласы рекордтың ізіне түсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда дайын киім саласында Түркияға күн өткен сайын сұраныс артуда. Сала өкілдері дайын киім экспортында 5-6 пайыз, ішкі нарықта болса 8-9 пайыз өсудің жүзеге асатынын үміт етеді. Дайын киім саласы 2016 жылы 17,5 миллиард доллардан астам экспортты нысанаға алады.

Хабертүрік газеті «Алачатыда түрлі-түсті фестиваль» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемге танымал туризм маркасына айналған Алачаты өзі сияқты маркаға айналған фестивалімен қонақтарын күтуге дайындалады. «7-ші Алачаты шөп фестивалі» 7-10 сәуір күндер арасында жүзеге асады. Чешме муниципалитеті бастаған іс-шарамен баршаны Алачатының шөп иісті теңдесі жоқ көшелері, күлімсіреген және шынайы адамдарымен жақсылықтарды бөлісуге шақырады. Фестиваль жыл сайын болғандай, биыл да бір-бірінен қызық іс-шараларымен айырмашылығын ортаға қояды. Тарихы және табиғатымен теңдесі жоқ Алачатының шөп фестивалі енді дәстүрге айналды.

Сабах газеті «Йешим Устаоғлу фильмдері Италияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италияның Флоренция қаласында ұйымдастырылған «Middle East Now Film» атты фестиваль биыл «Ретроспекция» тарауын түрік режиссері Йешим Устаоғлуның фильмдеріне арнайды. 6-шы рет кинофильм сүйер қауыммен бас қосатын фестиваль 5-10 сәуір күндері арасында жүзеге асады. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка киносының таңдамалы үлгілері көрсетілетін фестивальде Устаоғлуның 4 фильмі де киносүйер қауымның назарына ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар