Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

452512
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Лағынеттейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Халықтардың демократия партиясы (ХДП) депутаты Туғба Тезелдің Анкарада 17 ақпан күні кешкі уақытта 17 адамның қаза табуып, 61 адамның жарақат алуына себеп болған жанкештінің үйіне барып көңіл айтуына наразылықтар жалғасып жатқанда, бұл жолы ХДП депутаттары Мехмет Али Аслан мен Бесиме Конджа Диярбакыр Сурда қауіпсіздік күштерімен қақтығыста өлтірілген Батмандағы жаназа рәсіміне қатысып, «оның ізімен жүрміз» деді. ХДП-лік екі депутаттың террористтің жаназасында террорды мақтауы үлкен наразылық туғызды.

Сабах газеті «ПЙД-нің қастандық жасағы жойылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Диярбакыр Сурда аяқталған операцияның артынан атқарылған жұмыстарда ПКК/ПЙД ынтымақтастығын дәлелдеген жаңа ақпарларға қол жеткізілді. Өлтірілген 301 террористтің 27-сінің Сирияның солтүстігінде орын алған ПЙД-нің қастандық тобы екені анықталды. Мерген террористтердің ПКК-лықтарды бомба дайындауға жаттықтырғаны да анықталды.

Йени шафак газеті «Путин Асадты тастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ағылшын «Independent» газеті батыс дипломаттарға сілтеген хабарында Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия елбасы Башар Асадты тастағанын жазды. Ресейдің Сириядағы кейбір әскери жасақтарын кері шеге бастауымен көптеген болжам жасала бастады. Батыс дипломаттары Ресей президенті Путиннің Сирия елбасы Асадқа бағытталған ұстанымын өзгерткеніне сенгенін білдірді. BBC Түрікшенің жаңалығына қарағанда Independent газетінің Женевадағы тілшісі Лаура Пителдің хабарында Путиннің сюрприз бір шешіммен елінің Сириядағы әскери қызметін табысты аяқтағаны еске салынады. Газетке сұхбат берген бірақ атын жасырған батыстық дипломаттар «Путиннің Асадқа кіндіктен байлаулы емес екенін түсінеміз. Орыстар Асадтың тұрақсыздандыратын бір күш екенін біледі. Егер Сирияда уақытша бейбіт бір кезең қажет болса, Асад міндетінен кетеді» дейді.

Стар газеті «Түрік мебельшілері Қытайға бағыт алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайда ұйымдастырылған және әлемнің ең үлкен көрмесі ретінде белгілі Халықаралық Мебель көрмесі «CIFF 2016»-ға түрік мебель фирмалары қол таңба қалдырады. Көрмеде Түркиядан 4 мың текшеметрлік алаңға Түркия стэнді құрылады. Көрме Қытайдың маңызды өндіріс орындарының орталығы Гуанчжоу қаласында 18-21 наурыз күндері арасында ұйымдастырылады.

Хабертүрік газеті «Хабблдан 300 есе мықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытай АҚШ Ұлттық Авиация және ғарыш басқармасы НАСА-ның Хаббл телескобына қарағанда 300 есе мықты бір телескопты жасайды. Қараңғы энергия, қараңғы материалы және ғарыш зерттеулерінде қолданылатын телескоптың тексеріле алатын космостың 40 пайыздық бөлігін 10 жылдың ішінде тексере алатыны есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар