Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

448649
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияға босқын мақтауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германия канцлері Ангела Меркельдің босқын дағдарысында жалғыз жауапты ретінде тағайындаған министр Петер Алтмайер Түркияның босқын дағдарысындағы ұстанымының көптеген Еуроодақ мемлекеттерімен салыстырғанда одан еуропалық екенін атап айтты. «Die Welt» газетіне сұхбат берген Петер Алтмайер «Ешкім Түркиядан босқындардың жүгін жалғыз көтеруін күтпесін» деді.

Сабах газеті «Қазір Түркия уақыты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда инфляция, ағымдағы бюджет кемшілігі, өнеркәсіп өндірісі және экспорттан бастап жарияланған барлық макро көрсеткіштер өсу белсенділігін сақтағанына назар аударған Түркия шетелдік инвесторлардың да қызығушылығын арттырды. Халықаралық қаржы мекемелері рапорттарында Түркияны алға шығарғанда, жаңадан бағыт алған Еуроодақпен ынтымақтастық жағдайды одан күшейтті. Шетелдіктер биржада ақпан айында 323 миллион доллармен 10 айдың ең жоғары саудасын жасады. Жылдың алғашқы екі айында биржаға 425 миллион долларлық шетелден қосылу болғанда, наурыз айының алғашқы аптасында 308 миллион долларлық нақты сатып алу жүзеге асты.

Ватан газеті «Тұрғын үй саласында әлем рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия тұрғын үй бағаларының артуында 2015 жылы шыңға көтерілді. Жылына 18,4 пайыз өсуге ие Түркия инвесторлар үшін сенімді бір аялдама ретінде бағаланды. Түркия тұңғыш рет 2015 жылдың 3-ші ширегінде аталмыш тізімде Гонконгты артта қалдырып, бірінші орынды иелеген болатын. Жылдың аяғында 18,4 пайыз өсумен тұғырдағы орнын қорғаған Түркияның артынан екінші орынды 14,2 пайыздық өсумен Жаңа Зеландия алады. Тізімде 3-ші орын болса 12,3 пайыздық өсумен Швецияға берілген.

Йени шафак газеті «Турист үшін мың елші келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Махир Үнал алдынғы күні сүйіншілеген туризм пакетінің егжей-тегжейін жариялады. Үнал туристтің ұшақтан түсе салып, көмектесетін арнайы бір топ құрылатынын атап көрсетті. Үнал «400 адам әуежайынан келген туристті қарсы алып, туризм елшісі болады. 600 адамды болса археологиялық алаңдар мен мұражайларда жұмысқа қабылдаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Ісікпен күрестің түрік серігі» атты хабар жариялаған Хабарға қарағанда АҚШ-тың ең маңызды ісік зерттеу орталығының бірі ретінде «Oregon Health and Science University (OHSU) Knight Cancer Institute» та ісікті ерте анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізу үшін құрылған жаңа орталықтың басшылығына түрік маман тағайындалды. 1 миллиард доллар қаржы бөлінген орталықты профессор доктор Садык Эсенер басқарады. 200-ден астам зерттеуші қызмет атқарған институтта ісік биологиясы, қан ісігі және иммунитетті күшейтіп, ісіктің алдын алу және тарауын тоқтату салаларында жұмыс атқарылады.



Ұқсас жаңалықтар