Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

448093
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Қорғаныс саласының 76 пайызы отандық өндіріс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу кеше 5,9 миллиард долларлық қорғаныс өнеркәсібі пакетін бекітті. 4,5 миллиард долларлық бөлігі отандық өндіретін жаңа жобалар арасында қаруландырылған ұшқышсыз ұшақ, отандық автомат қару және Атак тікұшақтары бар. Сәуір-мамыр айларында Қорғаныс өнеркәсібі координация кеңесінің жиналысы жоспарланғанын атап көрсеткен премьер-министр «жекеменшік салада қосылатын Түркияның отандық өнеркәсіпке көшу және бұл тақырыпта сыртқа бағыныштылықты азайту мақсатты қабылданатын шаралар назарға алынатын, жаңа бір құрылымға өтуді жоспарлаймыз» деді.

Ватан газеті «Түркияға қарсы Пешка дауылы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2015 жылы шабуылдарын он есе арттырған орыс хакерлер түрік мемлекеттік мекемелерінің және баспасөз органдарының компьютерлерін қолға түсіру және мемлекет сырларына қоса, маңызды мағлұматтарды ұрлау үшін қаңтар айынан бері әртүрлі әдістермен Түркияны нысанаға алды. Кремль қолдау берген орыс хакерлер алдынғы апта премьер-министрлік және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі компьютерлеріне кіру үшін «Пешка дауылы» деп аталған ауқымды бір кибер тыңшылық шабуылы жасады. АҚШ-тық бір кибер қауіпсіздік фирмасының ерте ескертуінің артынан шабуылды ең аз зиянмен өткізді.

Йени шафак газеті «Түрік телекомнан теңіз астына сәулежол» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең маңызды және жоғары күшіне ие теңіз асты ақпараттық желі құрылысын жасаған «SEA-ME-WE-5» консорциумына мүше тұңғыш және жалғыз түрік фирмасы Түрік телеком бұл аяда теңіз асты Сәулежол интегралдық оптика жүйелеріне Мәрмәр станциясын қосты. 2016 жылдың соңына дейін іске қосылатын жүйе Азиядан еуропаға 20 мың шақырымнан ұзын бір қашықтықта араларында Түркияда да бар 17 елді байланыстырады.

Хүррийет газеті «Хубер сарайы жөндеуден өтеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент әкімшілігі тарапынан қолданылған Тарабядағы Хубер сарайы және Фаэтонханада жөндеу жұмыстары басталды. Бұрынғы құрылыстар сыртқы ықпалдардан қорғау мақсатты қоршауға алынды. Қорғау кеңесі бекіткен жобаға қарағанда бұрынғы құрылыстың шіріген жерлері мен бағаналары күшейтіледі.

Стар газеті «Үш өзен бір адам Ніл, Дунай және Орхон» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Профессор доктор Халук Дурсун бұл үш өзеннің жағалауында Османлы мәдениетінің іздерін зерттейді. Нілдің артынан Туна кітабы жарық көрген Дурсун келесі кітабында Орхон өзенін жазады.



Ұқсас жаңалықтар