Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

446597
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркиядан ЕО-ға 6 шарт» деген тақырыппен хабар жариялаған. Түркия ЕО-ға босқын дағдарысын шешуде жаңа ұсыныстар берді. Түркияның шарттары мынадай: 1. Түрік азаматтарына виза еркіндігі ерте берілсін. 2. Түркияға берілетін 3 миллиард евроға қосымша тағы 3 миллиард евро берілсін. 3. Түркияның ЕО-дан келетін әрбір босқын үшін ЕО да Түркиядан бір босқын алсын. 4. Түркияның ЕО мүшелігі үдерісінде жаңа тақырыптар ашылсын, 5. Кері қабылдау үдерісінің қаражатын ЕО төлесін. 6. Грек аралдары босқындардан толығымен тазалансын.

Хабертүрік газеті «Ердоғаннан әйел құқықтарында Түркия ұсынысы» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған «Әйелдер құқықтарын батыстағы түрде қабылдауға мәжбүр емеспіз» деді. Түркияға тән модель жетілдіруге болатынын атап көрсеткен Ердоған «Өз тарихи және мәдени жиынтығымыздың жарығында әйелдің бір адам, азамат, жеке тұлға ретінде болмысын нығайтып, барлығымыз бірге қадам басуға болады» деді. Батыстағы әйел құқықтарын қорғаушылардың шын мағынада қорғаушылар еместігін атап көрсеткен президент «Егер олай болғанда, Сириядағы жүз мыңдаған әйел мен баланың өлуіне үнсіз қалмас еді» деді.

Стар газеті «Әлем оған қайран, ол түрік әйелдеріне» деген хабар жариялаған. Ирандық іскер әйел Ануше Ансаридің бүкіл әйел қауымына үлгі болатын өмірі бар. Ансари ғарышқа барған тұңғыш азаматша ретінде тарихқа атын жаздырып, 40 жасын НАСА-да тойлады. Ансари осы табысына қарамастан түрік әйелдерінің кәсіпкерлігіне қатты қайрат екенін айтты. Түрік әйелдерінің барлық салада жұмыс істейтінін атап көрсеткен ирандық әйел «Түрік әйелдері маған сенім береді» деді.

Йени Шафак газеті «Мұз тауын асып өткен түріктер» деген хабарға орын берген. Стамбул айдын университетінде оқытушы Эбру Джаймаз бен Өзгүр Коркмаз даниядағы Гренландиядағы мұздықтардан қыста асып өткен алғашқы топ болды. Джаймаз бен Коркмаз әлемнің ең солтүстігіндегі соңғы құрлық Гренландияға барып, жергілікті жол көрсетушілер де өте алмаған 4 ротаны аяқтады. Полюстегі ең үлкен мұзбен қапталған аралда қыс маусымының ортасында мұздың қалыңдығы 3 километрге жетеді.

Сабах газеті «Лациоға түрік жаттықтырушы келе ме?» деген хабар жариялаған. Түрік жаттықтырушы Ерсун Яналдың Италияның футбол клубы Лациоға баратыны жөніндегі хабарлар Италия баспасөзінде орын алуда. Хабарларда тәжірибелі жаттықтырушының келесі маусымда Рим командасына келетіні жазылған.



Ұқсас жаңалықтар