Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер қызықты хабарларға орын берген.

444341
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Сигетвар мұнара дағдарысы» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоғанның 6-7 қыркүйекте Венгрияға сапары қарсаңында Османлы дәуірінен қалған Сигетвар қамалы ішіндегі мешіттің мұнарасымен байланысты талас туды. Сигетвар қамалындағы Османлы падишасы Кануни Сұлтан Сүлейман мешітінің мұнарасының ұзартылып ұзартылмайтыны жөніндегі таласқа нүктені Венгрия Мәдениет министрлігі кеңесшісі қойды: Мешіт мәдени мұра және қорғауға алынған. Мәдениет министрлігі кеңесшісі Симон Лазло: «Сигетвар қамалының реставрациясы үкімет бағдарламасында орын алған. Алайда қамалда исламиятқа байланысты бір ғимаратқа рұқсат етпейміз. Мұнараның биіктігі ұзартылмайды» деді.

Йени Шафак газеті «Әлемнің назары осы көрмеде» деген хабар жариялаған. Әлемнің үлкендігі жағынан үшінші Темір жолы көрмесі Стамбулда басталды. Көркем жиынмен ашылған «Eurasia Rail» көрмесіне 30 елден 300-ден астам компания қатысуда. Түркияның көрмесіне 70 елден 10 мың қонақ келуі күтіліп отыр. Еуразияның жалғыз темір жолы көрмесі болып табылатын 6-шы халықаралық темір жолы, жеңіл рельс жүйелері, инфрақұрылым және логистика көрмесі үш күн ашық болады.

Ватан газеті «Дизайнға түрік қолтаңбасы» деген хабар жариялаған. Түркияның тұңғыш Халықаралық Жаңалық көрмесі ашылды. 83 ел қатысқан көрмеде ең назар аударған жаңалық түрік дәрігер Адем Арыбаштың жиналатын тақтай кірпіші болды. Дүние жүзіндегі тұңғыш және жалғыз жиналатын тақтай кірпішімен ешбір құрылыс материалына мұқтаж болмай, үй салуға болады. Лего сынды бір-біріне қосылатын осы кірпіштер жер сілкінісі мен жылуға қарсы да төзімді.

Хабертүрік газеті мәдениет саласында бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 48. SİYAD Түркия киноматография сыйлықтары берілді. Актер Тугрул Түлек жүргізушілігін атқарған кешке «Қоршау» атты фильм таңбасын басты. Аталмыш фильм үздік фильм, үздік режиссер, үздік сценарий сынды сыйлықтарға ие болды.

Сабах газеті «Сұлтан Абдуләзиздің суреттері Венада» деген хабар жариялаған. Османлы падишасы Сұлтан Абдуләзиздің эскиздері мен эскиздерінен шабыт алынып салынған картиналар көрмесі 16 наурыз күні Венада ашылады. Юнус Эмре Мәдениет орталығында ашылатын көрме бұдан бұрын Стамбулда да ашылған болатын. Падиша тақта отырған кезде ресми түрде барған Венадан кейін аталмыш көрме Париж және Лондонда да өнер сүйер қауыммен қауышады.



Ұқсас жаңалықтар