Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

434979
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Көп ұлтты теракті: 28 шәйіт, 61 жаралы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террор қанды жүзін кеше тағы бір рет көрсетті. Қанішерлер астана Анкарада Бас Штаб Басқармасы және Құрлық күштері қолбасшылығы сияқты мекемелер орналасқан аймақта әскери қызметкерлер мінген көліктерге бомба орналастырған көлікпен шабуыл жасалды. Кемінде 28 адам қаза тапқан шабуылда 61 адам да жарақат алды. Анкарадағы қанды шабуылдың артынан оқиға орнына келген сараптаушылар жарылыста қаза тапқан террористтің дене мүшелері мен саусақ ізінен кім екенін анықтады. Шабуылды сирия текті Салих Неджардың жасағаны алға тартылды.

Стар газеті «Тас лақтырма, доб тепкіле» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террордың жаралары әлеуметтік қолдаумен емделеді. Силопи, Жизре және Диярбакырдың Сур ауданында үйлеріне зиян келгендерге қоса саудагерлердің де шығындары төленіп жатқанда, әлеуметтік қолдаулармен террордың іздері де өшеді. Балалар, жастар және әйелдерден бастап, Оңтүстік Анадолу аймағындағы барлық қалаларда ауқымды жобалар іске қосылады. Әртүрлі спорт және мәдени іс-шараларға қолдау беру нысанаға алынады. Әлеуметтік жобалар үшін 247 миллион лиралық қаржы бөлінді.

Ватан газеті «Ауылымызға кері оралайық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Азық-түлік, ауылшаруашылығы министрлігі «Ауылымызға кері оралайық» жобасын іске асырады. Министр Фарук Челик Түркияда ауылдан қалаға көштің бар екенін, дегенмен ауылдарға кері оралу үшін жағдай жасау керектігін атап, «Ауылда мал шаруашылығын ынталандыру мақсатты 'Ауылымызға кері оралайық' кезеңін бастағымыз келеді» деді.

Сабах газеті «'Ұждан ағашы' атты фильм жүлдеге тоймайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 'Ұждан ағашы' Халықаралық Лион фильм фестивалінде әлемнің әртүрлі елдерінен ресми таңдалған 12 шығарма арасынан «Үздік фильм» сайланды. Сценарий жазып, режиссерлігін жасаған Олгун Өздемирдің фильмінде басты рольдерде Шерафеттин Кая және Тургай Танүлкү ойнайды. Фильм Айдын қаласының Кушадасы ауданында түсірілді. Кушадасының Киразлы ауылында түсірілген фильм жылдар бұрын бірдей әйелге ғашық болған біреуі мүгедек екі бауырдың өткенімен жүздесуін түсіндіреді.

Хүррийет газеті «Сәуле мен түс шашу басталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сабанжы мұражайының жаңа көрмесі «MACK. Тек қана сәуле мен түс» бүгін есіктерін келушілеріне ашты. Көрмеде неміс модернизміне басшылық жасаушылардың бірі Хайнц Мактың 60 жыл бойы ұзақ және табысты карьерасында өндірген 100-ден астам шығарма орын алады.



Ұқсас жаңалықтар