Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

431569
Түрік баспасөзіне шолу

Хабартүрік газеті хабарын «Тек Килистің өзі барлық Еуропадай Сириялықты күтіп алуда» деген тақырыбымен берген. Газет Түркия мен Сирия шекара желісінің қиылысқан түйінінде орын алған 90 мың 400 жан санына ие Килисте 125 мың 700 тіркеулі адам Сириядан келген соғыс бейуаздары екенін жазған. Хабарда адам санынан көп келімсектерді баурына басқан Килис Нобель бейбітшілік жүлдесіне үміткер көрсетілгенін білдірген. Газеттің хабарына қарағанда Килис қала мэрі Хасан Кара «Килисте болған оқиғалар әлем құрылғаннан бері жалғасып келген. Алғаш рет әлем тарихында Килиске өз адам санынан көп қонақ келді. 5 жылдан бері тіл мәселесі, ұқсамаған әдет-ғұрыптарға қарамастан әлеуметтік оқиға ешқашан туылған жоқ. Тәртіпсіздік оқиғалары Түркия және әлем орташа есебінің өте аз. Оқиғасыз тыныш өмір сыры кең пейілділік пен адамгершілік. Соғыс бейуаздарымен достық байланыс жасап, үйімізді, көшемізді, суымызды және ауамызды бөлісу жағдайда сезіндік» деді.

Сабах газеті «Шығанақ өткел көпірі мамырда ашылады» атты тақырып қолданған. Газет Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Бинали Йылдырымның Стамбул-Измир автожолы аясында Измит Шығанақ көпірі және Орхангази Саманлыда тексеру жасағанына орын берген. Газеттің хабары бойынша әлемнің төртінші және ең үлкен көпірін салғанын баяндаған Йылдырым «Ялова-Измит жалғаулы 40 километрлік бөлімінің алдымыздағы күндерде ашылуын жасаймыз. Стамбул және өткел көпір бөлімі болса 10 мамыр күні бітеді. Осы жылдың аяғында жобамызды тамамдаймыз» деді.

Йени Шафак газетінің «Халықаралық тікелей инвестиция 32 пайыз артты» деген хабарында Түркияның екі сайлау өткізген 2015 жылы 16,6 миллиард доллар тікелей инвестиция тартқанын жеткізген. Газет премьер-министрлік Түркия инвестиция және таныстыру агенттігі тарапынан жасалған мәлімдемеге қарай өткен жылы Түркияға келген халықаралық тікелей инвестиция деңгейінің 16,58 миллиард доллар болғанын жариялаған. Хабарда осы бойынша халықаралық тікелей инвестициялар 2015 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 артқан.

Хүрриет газеті хабарын «Шара Мадонна» атты тақырыбымен берген. Газет Мәдениет және туризм министрі Махир Үналға ұсынылған рапортта Ресей дағдарысынан кейін туризм және таныстыру секторы соққы көрген Анталиядағы шығынның 10-11 миллиард доллар екенін көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда осыған қарамастан ЭКСПО 2016-ның үлкен бір таныстыру талпынысына айналуы мүмкіндігін, сондай-ақ Мадонна, Дженнифер Лопер сынды тұлғалардың беретін концерттерінің қайтадан жанданатыны білдірілді.

Ватан газеті «НАТО-ға түрік төраға сайланды» деген тақырып қолданған. Газет Атылым университеті азаматтық авиация жоғарғы мектеп бас директоры профессор Набыз Алемдароғлұнынң НАТО-ның ең жоғарғы ғылыми ақылшы кеңесі болған Вон Кариан институты ақылшылар кеңесі төрағалығына сайланғанына орын берген.



Ұқсас жаңалықтар