18.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

413357
18.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Түркияның Ресейге экспорты азайған емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Кеден және Сауда министрі Бүлент Түфенкчи «Соңғы экспорт көрсеткіштеріне қарағанда, 1-15 желтоқсан күндері арасында Ресейге жасалған экспорт азайған жоқ. Керісінше арту көрінісі бар» деді. Баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап қайтарған Түфенкчи «Ресей кейбір өнімдерге қойған шектеулерден бастартты және қайтадан ала бастады. Бұл жайлы не айта аласыз?» деген сұраққа «Осы эмбарголардың жайлап жойылатынын ойлаймын» деді. Ресей көптеген өнімде болғандай аяқкиім, кір жуғыш және ыдыс аяқ жуғыш машиналары сияқты өнеркәсіптік өнімдерді де Түркиядан сатып алудан бастартқан жоқ.
Сабах газеті «Израильмен қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін 3 шарт» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия министрі Берат Албайрак Түркия мен Израиль арасындағы ынтымақтасты бұрынғы қалпына келтіру үшін 3 шарттың орындалуының маңызды екенін айтты. Албайрак «Түркия талап еткен шарттар орындалмайынша Израильдің энергия немесе басқа да тақырыптар жайлы ынтымақтастықтың қалпына келуін күтпеуі керек» деді. Мави Мәрмер оқиғасы алдындағы кезеңге оралуы үшін Түркия Израильдің жасаған шабуылы себепті кешірім сұрауы, қаза тапқандарға құн ақы төлеуі және Газа қоршауын жоюы шарттарын талап еткен еді. Израиль осы шарттардың алғашқысын яғни, кешірімді сұраған болатын.
Хүррийет газеті «Ақылды телефондарда отандық марка алға шықты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жаһандық маркалардың қолындағы ақылды телефон нарығында енді жергілікті маркалар да алға шыға бастады. Валюта бағасындағы шайқалыстар жергілікті маркаларды баға бәсекелестігінде алға шығарды. Бұл да жергілікті моделдердің нарықтағы үлесін 25 пайызға дейін арттырды. 2015 жылдың соңында отандық ақылды телефон жетілдірген фирмалар саны мен саудаға ұсынылған модел саны еселеп арта түсті. Қазір 9 бөлек отандық фирма жетілдірген шамамен 25 модел нарықта орын алды.
Йени шафак газеті «Түрік фирмалары жаһандана бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда шетелде әсіресе энергия және құрылыстағы мықты қадамдарымен назар аударған түрік фирмалар жаһандық нарықтағы сатып алу және салған инвестицияларымен алға шығуда. Келесі жыл үшін алға шыққан екі түрік фирмасының шетелдік инвестиция мен сатып алуларының жалпы жиынтығы 3.5 миллиард доллардан асады. Түрік мұнайлары (TP) 2016 жылы 2,5 миллиард доллар шетелге инвестиция жоспарлап жатқанда, Африка нарығына Мозамбик және Кот-д’Ивуардағы инвестицияларымен кірген түрік цемент тобы «Limak» болса осы құрлықта 3 бөлек елде 1 миллиард евроға ұласатын бір сатып алуды жүзеге асыруға дайындалады.
Ватан газеті «Отандық адамсыз ұшақ ‘Байрактар’ қаруландырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Рокетсан жетілдірген зымыран орналастырылған Байрактар алғашқы оқ атқанда 8 шақырым қашықтықтағы нысананы дәлдеп жойды.
Жер станциясындағы ұшқыш тарапынан 5 мың метрден лақтырылды. 4 метрлік нысананы дәлдеген ұшқышсыз ұшақ қару ретінде отандық өндіріс болған ұзақ атымды анти танк зымыраны «UMTAS»-ты қолданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар