17.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

412342
17.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығында сайлау рәсімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда БҰҰ-ның 70 жылдық тарихында тұңғыш рет бас хатшы сайлауына 193 ел белсенді түрде қатысады. Қазірге дейін бас хатшыны жабық түрде сайлайтын 5 тұрақты мүшенің септігі азаяды. БҰҰ 193 мүше мемлекетке келесі жылы өтетін сайлау үшін үміткер ұсынуларын талап еткен бір хат жолдады. Хатта «Дәлелденген басшылық пен басқару қабілеті бар халықаралық ынтымақтастықтар тақырыбында тәжірибелі және дипломатиялық байланыс құру қабілеті жетілген үміткерлердің» БҰҰ-на ұсынылуын талап етті.
АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франциядан құрылған бестіктің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы үстемдігін сынға алған елдердің басында Түркия келеді. Президент Режеп Тайып Ердоған өткен жылы БҰҰ Жалпы Кеңесінде жасаған мәлімдемеде жасаған баяндамасында осы елдердің ұйымды жұмыс істемейтін күйге келтіргенін атап, «Назар аударғым келеді, әлем 5-тен үлкен» деген болатын. Ердоған «Одан жылдам және әсерлі шешім механизмі құру керек. БҰҰ одан батыл болуға тиісті» деген болатын.
Ватан газеті «FED-тің Әлем риза» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Орталық Банкі «FED» 2006 жылынан бері алғаш рет проценттерді көтерді. ФЕД проценттерді 0,25 пайыз арттырғанын жариялады. АҚШ биржасы құндылықтары артып, FED-тің маңызды шешімін болымды қарсы алды. FED-тің шешімі әлем нарығында риза қылды.
Хабертүрік газеті «Катармен ‘ортақ дұшпанға’ қарсы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Катардағы Өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Демирок Катарға құрылатын әскери базаның екі елдің ортақ дұшпандарына қарсы екенін атап айтты. 3 мың әскер қоныстандырылатын база Түркияның аймақтағы тұңғыш әскери базасы болады.
Хүррийет газеті «ДАИШ-ке қарсы қаржы операциясы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі ДАИШ-тің қарды көздерін құрту үшін тарихында тұңғыш рет бүгін Қаржы министрлері деңгейінде жиналады. Кеңес АҚШ және Ресейдің ортақ дайындаған бір жобаны қабылдайды.
Йени шафак газеті «Замандас стадион ‘Тимсах Арена’ ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Бурса муниципалитеті тарапынан салынған Түркияның замандас стадиондарының бір «Тимсах Арена» 21 желтоқсан күні салтанатты түрде ашылады. Стадионның ашылу үшін ойналатын матчта президент Режеп Тайып Ердоғанның да форма киюі күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар