15.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

362742
15.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүррийет газеті «Орыс соғыс кемесін Стамбұл бұғазында сүңгуір қайық қадағалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орыс соғыс-теңіз флотына тиесілі «Цезар Куников» атты соғыс кемесі түрік соғыс-теңіз флотына тиесілі бір сүңгуір қайықтың бақылауында Стамбұл бұғазынан өтті. Аталмыш кеме 4 желтоқсан күні бұғаздан өткен кезде кеменің үстінде бір орыс әскерінің иығында зымыран тасуы себепті дау-дамайға себеп болған еді. Бұғаздан өткен кезде жылдам жүзген кемеге теңіз күзету қайығы да бақылау жасады. Орыс соғыс кемесі бұл жолы түрік соғыс-теңіз флотына тиесілі бір сүңгуір қайықтың бақылауында өтті. Сүңгуір қайық 3-ші көпір су айдынында теңіздің бетіне шығып, қадағалауды тастады.
Йени шафак газеті «Мосулда әскерлерге алғашқы тапсырма» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мосулдағы оқу-жаттықтыру жұмыстары аясында әскери болмысын арттырған Түркия Башикадағы әскерлерге алғашқы тапсырмасын берді. Тапсырмамен әскерлердің бір бөлігі Ирактың солтүстігіне қоныстандырылды. Жасақтар ДАИШ қаупі астындағы Мосул су бөгетін қорғайтын болады. Түрік әскерлері осы тапсырманы жаттықтырған пешмерге күштерімен қамтамасыз етеді. Тапсырма Ирак орталық үкіметіне қарсы ізгиниет көрсеткіші ретінде қабылданады.
Стар газеті «Түркияға инвестиция салу тақырыбы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Еуроодақ арасында «Экономикалық қаржы саясаты» тақырыпты ашылған №17 тақырып экономикаға болымды әсерін тигізеді. Еуроодақпен қайта келіссөз үстелге отыру іскер әлемі тарапынан болымды түрде қарсы алынды. Іскер әлемі Еуроодақ пен Түркия арасындағы экономикалық байланыстың одан да күшейетінін атап, шетелдік инвесторлардың Түркияға одан көп қызығатынын ойлайды.
Ватан газеті «Мәжбүрленгенде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға бағытталған кеден шаралары себепті Санкт-Петербургтегі автокөлік алпауыттарының өндіріс жайлары тоқтауға жеткендіктен Ресей кедендерде күткізген түрік автокөлік өнеркәсібі өнімдерінің кірісіне рұқсат етті. Санкт-Петербург өнеркәсіп комитеті төрағасы Максим Мейксин қалада жұмыс істейтін Тойота фирмасы үшін 11, Bosch-Siemens фирмасы үшін болса 2 контейнердің кеденнен өткенін білдірді. Мейксин басқа контейнерлердің болса кеден бақылау орталықтарында екенін атап көрсетті.
Йени Акит газеті «Мехмет Гөрмезден Папа мен Трампқа наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дін істері басқармасы төрағасы Гөрмез «Мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізбеу» жөнінде шақыру тастаған Трамп пен «3-ші дүниежүзілік соғыс» мәлімдемесі жасаған Папаға наразылық көрсетті. АҚШ Сыртқы істер министрлігінің Мұсылман Қоғамдар арнайы өкілі Шерик Заферді қабылдаған Дін басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез «Мен онша үмітсіз емеспін. Жаппай әңгімелесіп, бірге талқылап жаңа бір тәртіп құра аламыз» деді.
Сабах газеті «Жанұялық дәрігер жүйесі кішкентай ауруханаға айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жанұялық дәрігерлік жүйесін толық реттейтін жаңа бір жұмыс басталды. Министр Мүеззиноғлу бұл орталықтардың кішкентай ауруханаларға айналдырылатынын атап айтты. Мүеззиноғлу бұл бастама аясында келесі 6 айдың ішінде үш маңызды реттеуді іске асыратындарын білдірді. Мүеззиноғлу «Жанұялық дәрігерлік жүйесі кезекшіліктен жұмыс режиміне, ғимараттарына дейін қайта қолға алынады. 3-4 жанұялық бар жерде бір тіс поликлиникасы, бір жедел құтқару станциясы құрылады. Осы жерлер психологиялық және psikolog ve диетологтар да жұмыс істейтін кішкентай ауруханаларға айналдырылады. Азанғы уақыттан кешкі сағат 20:00-ге дейін 7 күн қызмет көрсететін ауруханалар болады. Алғашқы сатыда мың, екінші сатыда болса 3 мың ғимарат салынады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар