05.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

400837
05.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті «Екі басты билікті жою керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік жүйе пікірталасы президент Режеп Тайып Ердоғанның «Француз жүйесін» күн тәртібіне әкелуімен жаңа бір тұғырға көшті. Президент Ердоған Катардан оралған кезде ұшақта журналисттерді сұрақтарына жауап қайтарды. Ердоған президенттік жүйе жайлы келісім жасалған жағдайда, «партиялы президент» шешімімен екі басты билікті жоя алатындарын, осылайша Франция моделінің бір нұсқауға өтілетінін атап көрсетті.
Сабах газеті «Сирияда соғыс ұзақ уақытқа жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сириядағы соғыстың ұзақ жылдар жалғаса алатынын атап көрсеткен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон «сабыр мен жалғастылық» шақыруы тастады. Неміс парламенті де кешегі дауыс беруде армияға Сирияда операция жасауға жауапкершілік жүктеді.
Йени Акит газеті «Африка есіктерін соңына дейін ашты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Африка палатасы тарапынан түрік фирмаларының Африкаға бағыттаған инвестицияларының жеңілдеуі және нарықта одан белсенді болуы үшін Түркиядағы Африка елдері өкілетті елшіліктеріне «Road Show» бағдарламасы бастады. Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу «Африкадағы жұмыс күшін көрген сайын тебіренемін. Мүмкіншіліктер инвесторларымызды күтеді» деді.
Йени шафак газеті «Франция таңқалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Франция Атазаңы сотының 2012 жылы «Армян қырғынын мойындамауды» қылмыс деп қабылдаған заңды күшінен жоюына қарамастан аталмыш жоба қайта күн тәртібіне келді. Бірақ жоба қайта қабылданбады. Себеп ретінде 1915 жылғы оқиғаларда Түркияның армяндарға қырғын жасағаны жайлы халықаралық сот шешімі болмағанына назар аударылды.
Стар газеті «Орыс мафиясы заңсыз ақшаны Лондонда жылыстатады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания Ұлттық қылмыстармен күрес мекемесі (NCA) орыс мафиясының Лондондағы люкс тұрғын үй саласы арқылы жыл сайын миллиардтаған стерлинг ақша жылыстағанын жариялады.Рапортта қайдан келгені белгісіз капиталдың көпшілігінің Ресейден келгеніне назар аударылды.
Хүррийет газеті «Бөгеттерден асамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған да үлес қосатын бөгеттерді асу жобасы аясында 100 мың денсаулығы бар азамат пен 100 мың мүгедек бірге спорт жасайды.
Хабертүрік газеті «Coldplay Мәуланадан шабыт алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда танымал рок тобы «Coldplay»-дің әншісі Крис Мартин нарыққа кеше шыққан жаңа альбомымен бірдей аталған «A Head Full of Dreams» әнін шығарғанда, Мәулананың белгілі шығармасы Месневидегі «Қонақ» атты өлеңінен әсерленгенін мәлімдеді. Мартин «Мәулана бастан кешкен әр нәрсе сені пісіреді және тіршілік ағашында сені күшейтетін бір бұтақтың символы болып табылады» деген сөзінің өзінің тіршілігіне де септігін тигізгенін атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар