04.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

400200
04.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газетінің «Қос билікті доғару керек» деген хабарында Президент Режеп Тайып Ердоғанның Катардан қайтарда журналисттерге сұхбат бергенін, сұхбатында президенттік жүйеге тоқталғанын жазған. Газет Ердоғанның «Қос билікті доғару керек. Әйтпегенде бір-біріңді қаншама жақсы көрсең де, бұрын қаншама бірге болсаңда анда-санда келіспеушілік болады. Бірақ партиялы президент болған кезде Франциядағы жүйенің өзгеше бір жүйесі жарыққа шығады. Бұның ерекше бір күш болатынын ойлаймын» дегеніне орын берген.
Йени Шафак газеті хабарын «Міне ДАИШ-тің екінші орыс ортағы» атты тақырыбымен берген. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның ДАИШ мұнайының ең үлкен іскері Ресей паспорты болған сириялық Джорш Хайрави екенін еске салып, екінші ортағын да жариялағанын білдірген. Хабарда орыстың әйгілі өнерпазы Кирсан Илюмжиновтың да ДАИШ-пен мұнай саудасын жасағанын баяндаған Ердоғанның «Қолымызда дәлелдер бар. Бұларды барша әлемге жариялай бастадық» дегенін жазған. Газеттің хабарында Ердоған «Біздің ұлт аш қалса да тәуелсіздігінен бас тартпайды» деп, түрік халқының егемендік құқықтарынан бас тартпайтынын айтты.


Хабартүрік газетінің «TANAP жобасы ерте бітеді» деген хабарында Ресеймен табиғи газда болуы мүмкін дағдарысқа қарсы Түркияның қадамдар басқанын жариялаған. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Катар зияраты барысында ұзақ мерзімді сұйықталған табиғи газ алу үшін келісім жасағанын баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда Катар келісімінен кейін премьер-министрі Ахмет Давутоғлұның Әзірбайжан зияратында да табиғи газ басты күн тәртіптің бірі болды. Әзірбайжан газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын TANAP жобасының 2018 жылынан бұрын аяқтатуға келісті.


Йени Акит газеті «Сирия АҚШ пен Ресей арасында бөлісілді» атты тақырып қолданған. Газет премьер-министр Ахмет Давутоғлұның ақылшысы Абдулкадир Өзканның Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ, Ұлыбритания және Ресей лидерлерінің қатысқан конференцияда әлемнің осы елдер арасында бөліскенін айтқанын жазған. Хабарға қарағанда бүгін де Ресейдің террор ұйымы ПКК-ның Сирия қолы PYD-нің әуе күші сияқты әрекет еткенін және PYD-нің әскери қолы болса АҚШ арнайы күштері тарапынан тәрбиеленгенін баяндаған Өзкан «АҚШ және коалиция ортақтары мен Ресейдің Сирияда ортақ әрекет жасағандары айқын көрілуде» деп Сирияның бұрыннан бөліскенін түсіндірді.


Сабах газеті хабарын «Түркия сенімді ел» деген тақырыбымен берген. Газет Халықаралық Анталия Фильм Фестивалінің құрметті қонағы әйгілі актер Jeremy Irons-тың Сабах газетіне берген мәлімдемесінде «Түркия өте сенімді» ел дегенін жеткізген.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар