02.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

397865
02.12.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабертүрік газеті «Түркияның ұстанымы Ресейдің психологиясын бұзды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Ахмет Давутоғлу Ресейдің 2008 жылғы Грузия соғысынан бері шабуылдаушы саясат жүргізгенін білдіріп, «Әуе кеңістігін бұзбағанда, Сириядағы барлық қайғы-қасіретке, орыс соғыс ұшақтарының жазықсыз азаматтарды бомбалағанына қарамастан Ресеймен қатынасты жалғастырар едік. Бірақ әрі шекарамызда қандастарымызды өлтіріп, әрі шекараны бұзатын болсаңыз бұл көптеу. Түркияның ұстанымы Ресейдің соңғы жылдарда артқан өзіне сенімді психологиясын бұзды» деді.
Сабах газеті «Солтүстік Еуропаға жағармай қолдауы» деген тақырыппен хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Махир Үнал Ресейдің Түркияға бағытталған саяхат пакеттері мен ұшақ рейстеріне шектеме қоюынан кейін туризм секторына жеңілдік келтіретін жаңа шараларды жариялады. Хабарға қарағанда, министр Үнал бұдан бұрын Ресейден келген ұшақтарға берілген 6 мың долларлық жағармай көмегінің Солтүстік Еуропа елдеріне берілетінін айтты.
Йени Акит газеті «Еуроодаққа сенбеңдер» деген хабарға орын берген. Газет «Сириядан бастау алған босқын мәселесі салдарынан барлық теңгерімі бұзылған Еуроодақ Түркияны алдаусырату тактикасын тағы іске қосты ма?» деп сұрақ қойған. Мамандар көптеген жылдар бойы Түркияны есігінде күттіріп қойған, уәделерін орындамаған Еуроодақтың босқын дағдарысына келтірген шешіміне баға берді. Мамандар «Еуроодақ Түркияны 56 жылдан бері күттіріп келеді. Бүгінге дейін берілген уәделерін орындамады. Қол қойылған келісімдерді толығымен іске қоспады. Сондықтан Еуроодаққа сенуге болмайды» деді.
Стар газеті болса «Әлемде жылдың жобасы: Еуразия туннелі» деген тақырыпқа орын берген. Хабарға қарағанда Еуразия туннеліне Халықаралық туннель және жер асты құрылыстары одағы тарапынан Халықаралық туннель сыйлығы берілді. Жылдың үздік жобасы ретінде сайланған Еуразия туннелі әлем көлемінде 110 жоба арасында «Үлкен жобалар» аталымында бірінші орынға лайықты деп табылды. Босфор бұғазының астынан өтетін туннельдің ұзындығы 14,6 км. Жоба арқасында Азия мен Еуропа бірінші рет теңіз астынан құрлық жолы туннелімен бірлесетін болады.
Хүрриет газеті «Алғаш рет Түркияда» деп жазған. Хабарға қарағанда «Осылдың күнделігі» (Diary of a Wimpy Kid) кітап-сериалының авторы Джефф Кинни 5 желтоқсан күні Түркияға келеді. Бүкіл дүние жүзінде миллиондаған оқырманға жеткен, сонымен бірге кинофильмдері де түсірілген осы кітапта басты кейіпкер Грегтің күнделігінде жазылған отбасымен қатынасы, басынан кешкен оқиғалары мен жолдастарымен байланыстары әзілмен баяндалған.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар