30.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

395523
30.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Сабах газеті «Визасыз Еуропа шындыққа айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркия-Еуропа Одағы ынтымақтастығында 11 жалдың артынан жаңа бір кезең басталды. Брюссельде кеше жиналған Еуроодақ-Түркия саммитінде 3 жетістікке қол жеткізілді. Олар Еурокомиссия, 2016 қазан рапортында визасыз саяхат ұсынысы, Еуроодақ пен Түркия арасындағы сириялықтар үшін бастапқыда 3 миллиард евролық қолдау берілуі және 14 желтоқсан күні «Экономика және Қаржылай саясат» тақырыпты 17-ші тақырыбы ашылады. 2016 жылдың алғашқы ширегінде кейбір тақырыптарды ашу үшін де жұмыстар басталады.
Йени Акит газеті«Орыс эмбаргосына қарсы арабтардың әлеуметтік медиа қолдауы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей президенті Владимир Путиннің түрік өнімдеріне бағытталған санкцияларды бекітуінің артынан араб әлемі әлеуметтік медиа арқылы Түркияға қолдау акциясы бастады. Араб зиялыларының қатты қолдауын алған акцияда «Мұсылманмын, Түркиямен ынтымақтасамын», «Араппын және Түркиямен ынтымақтасамын», «Түрік өнімдеріне қолдау бер» деген hashtag қолданылды. Көпитеген баспасөз қызметкері, твиттер қолданушылары, активист және жазушылар қолдау бергені акцияда «Түрік өнімдеріне қолдау беру барлық мұсылман және арабтардың міндеті», «Түрік өнімдері әрі сапалы, әрі арзан. Араб әлемінің әр жерінде түріктің фирмалары бар» деп твиттер жазылды.
Хабертүрік газеті «Орыс халқы Путинді айыптауда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Түркияның әуе кеңістігін бұзған орыс соғыс ұшағының құлатылуының артынан екі ел арасында пайда болған дағдарыс жалғасып жатқанда Ресейде тақырып жайлы бір сауалнама дайындалды. Орыс хабар агенттігі Rosbalt тарапынан ұйымдастырылған сауалнамаға қарағанда орыстардың 37 пайызы Түркиямен ынтымақтастықтың бұзылу себебінің Кремльдің қате ұстанымы екенін ойлайды. Ресейдің Түркиямен дұшпан болуына «Түркияның мүдделерін көрместен келіп, ‘Сирияға кір’ деп ақыл берген кеңесшілерін» жауапты есептегендердің мөлшері болса 36 пайыз.
Йени шафак газеті «Солтүстік Иракпен жұмыстар ретіне келе бастады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда екі жылдық үзілістің артынан Түркияға алғашқы табиғи газ экспорты күтілген Солтүстік Иракта, Ресейдің дағдарысқа себеп болған ұстанымының артынан жұмыстар жылдамдады. Аймақ Түркияның 50 жылдық табиғи газ қажеттілігін қамтамасыз ету күшіне ие. Солтүстік Ирактан түңғыш табиғи газдың екі жылдың ішінде Түркияға жеткізілуі күтіледі. 2020 жылы 20 миллиард текшеметр газдың түрік нарығына кіретіні атап көрсетіледі.
Ватан газеті «Шекарада зымырандарға қарсы әскери шара» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қауіп төндірген зымыран, ұшақ және радар жүйелерін, сигнал бұзу ерекшелігімен шатастыратын және АСЕЛСАН (ASELSAN) өндірген "KORAL" атындағы жаңа әуе қорғаныс жүйесі Сирия шекара желісіне жіберіліп, іске қосылды. Ұлттық өндіріс ретінде «KORAL» Әуе қорғаныс жүйесі 100 шақырым қашықтыққа дейін әсерлі. Жүйе қауіп туғызған зымыран, ұшақ және радарлардың бағыт беру жүйесін шатастырып, күшін жояды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар