27.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

394116
27.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті хабарын «Ресей кешірім сұрасын» деген тақырыбымен берген. Газет Ресей Президенті Владимир Путиннің орыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзғанын мойындамай, «Түркия бізден әрі кешірім сұрасын, әрі өтемақы төлесін және ұшақты құлатқан адамдар сотқа тартылсын» деген талап қойғанын жазған. Хабарда осы талапқа орай Президент Режеп Тайып Ердоғанның да баста Путин болып, орыс лауазымдардан келген құқайлар мен кешірім сұрау талабына қатал жауап бергенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның Ресейден кешірім сұрамайтынын айтқан Ердоған «Әуе кеңістігімізді бұзғандар бізден кешірім сұрағаны жөн» деді.


Сабах газеті «Ислам әлемі жастары Стамбулда бас қосты» атты хабарында Ислам әлеміндегі мәзхаб қақтығыстары және жастардың терроризмге бейімдеуін тосу мақсатымен 56 елдің қатысуымен құралған Ислам әлемі жастар астанасы жобасының бас қосуының Стамбулда жүзеге асқанын жазған. Хабарда Ислам әлемі жастар форумы төрағасы Елшад Искендровтың «Исламның мәдениет және философиясының дұрыс жолға бағыттауын мақсат етудеміз. Түрлі мәзхабтардың маңызды жас лидерлерінің басын қосамыз. Осы тақырыпта жаңа көзқарастарды ортаға қоямыз» дегеніне орын берген.


Хүрриет газетінің «Алғашқы 100 орында үш түрік» деген тақырыбымен берген. Хабарда орталығы Лондонда болған жоғарғы оқу орынды дәрежеге бөлу ұйымы QS-ның зерттеу, жұмыс табу, сабақ беру және халықаралық көрініс тұрғысынан баға берілген «Әлемнің 50 жылдан төменгі ең үздік университет» тізімін жариялағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда 100 университет тізіміне Түркиядан Билкент, Сабанжы және Коч университеттері енді.


Стар газетінің «Түрік туризмі Үлкен 20 тобы саммиті арқылы шыңға жетті» атты хабарында Үлкен 20 тобы саммитіндегі ұйымдастырудан нақтылы 100 миллион евро кіріс тапқанын жариялаған. Газет АҚШ Президенті Барак Обаманың «Керемет қонақжайлылық» деген ризашылық білдіргенін және басқа лидерлердің де Түркиядан ризашылық сезіммен айрылғанын хабарлаған. Газет лидерлердің тамаша жолдамалары туризмнің артуына ықпалды болғанын жазған. Газеттің хабары бойынша осы іс-шара арқылы түрік туризм секторы әлемге әр қашан ең кереметі екенін көрсеткен. Сондай-ақ Түркия әлемде туризмнен ең көп кіріс тапқан 12-ші, ең көп турист тартқан елдер ішінде болса 6-шы орында.


Хабартүрік газеті «Анталияның құрметті қонағы» деген тақырып қолданған.
Газет Оскар, Эмми сыйлықтарының иегері ағылшын театр, теледидар және кинофильм актері Ванесса Редраве-нің 29 қараша-6 желтоқсан күндері аралығында ұйымдастырылатын 25-ші Халықаралық Фильм Фестивалінің құрметті қонағы болатынын мәлімдеген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар