Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген

419556
Түрік баспасөзіне шолу

Хабартүрік газеті хабарын «Франция сұрады Түркия тапты» деген тақырыбымен берген. Газет француз лауазымдардың Парижде 13 қараша күнгі қырғында «Ахмед әл Мұхаммед» атындағы жалған Сирия паспортымен күн тәртіпке келген террористтің мәліметтерін түрік барлау ұйымына жеткізілгенін, сондай-ақ түрік полициясының кең көлемді тексеру арқылы қылмыстының ізін тапқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Мұхаммедтің босқын сынды ДАИШ бақылауындағы Мареден Килиске, сол күні Газиантепке, одан кейін Измирге барғаны анықталды. Измирдің Басмане көшесінде сириялық босқындар мекендеген бір қонақ үйде өзін сириялық ретінде таныстырып, 2 қазан күні қонақ үйде қалды. 4 қазан күні қонақ үйден шықты. Мұхаммед қонақ үйден шыққан соң Эгей теңізі арқылы Грекия-Бельгия желісі арқылы Францияның астанасы Парижге барып, қырғын жасаған ДАИШ сарбаздарымен табысты.


Сабах газетінің «Үлкен 20 тобы саммиті жемісін берді» атты хабарында Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Үлкен 20 тобы саммитіндегі кездесуінен кейін «Түрік ағымы» жобасына Еуропадан толық қолдау келгенін білдірген. Хабарда Еуропа Одағының ресми сайтында жарияланған мәліметтер бойынша Орталық Еуропа және Шығыс Еуропамен байланысты үш жаңа энергия жобасы бекітілгенін хабарлаған. Хабарға қарағанда осы жобалардың басында «Түрік ағымы»-ның тікелей Грекиядан Австрияға жалғанатын Тесла құбыр желісі келуде.


Йени Шафак газетінің «Түркия өте маңызды орынға ие» деген хабарында Орташығыс, Еуропа және Орталық Азия елдерін энергия тасымалдау желісімен бір-біріне жалғаған Түркияның аймақтың энергия орталығы болу рөлін мығымдай бастағанына орын берген. Газеттің хабары бойынша ең соң Еуропа Одағы мүшесі елдерден Хорватия Президенті Колинда Грабар Китарович Түркияның энергия тасымалдау желісінде аймақтық тұрғыдан маңызды ел екенін жариялады. Газет Түркияға байланысты Китаровичтің «Бұл жерде Түркияның энергия тасымалдау желісінде орны өте маңызды» дегеніне орын берілген.


Йени Акит газеті «Түрік дәрігерлер рак дәрісі жөнінде мұрындық болады» деген тақырып қолданған. Газет Кония Селжук университеті медицина факультеті және Нежметтин Ербакан университінің бір топ түрік ғалымы асқазан ракпен байланысты 2 жыл бұрын жұмыс бастағанын білдірген.


Хүрриет газеті хабарын «Тегеран симфония оркестріне түрік режиссер» атты тақырыбымен берген. Газет Тегеран симфония оркестрін қайтадан құру үшін түрік режиссер Ерол Ердинчке міндет берілгенін баяндаған.




Ұқсас жаңалықтар