06.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

411800
06.11.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хабартүрік газетінің «АҚШ-тан террор ұйымы PYD-ге бұдан кейін қару берілмейді» деген хабарында Түркияның террор ұйымы ПКК-ның Сирия қолы PYD-ге жасалған қару жәрдеміне байланысты ескертулерінен нәтиже шыққанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Давутоғлұның Әл-Қайданың Сириядағы қолы әл-Нусраның ДАИШ-пен соғысуына қарамастан барша әлем тарапынан террор ұйымы ретінде қабылданғанын еске салып, «ДАИШ-пен соғыс жүргізуі PYD-ге де террор ұйымы болудан шығармайды» деген сөздерімен АҚШ-қа ескерту жасаған болатын. Хабарда АҚШ-тың осы ескертуді еске алғанын және террор ұйымы PYD-ге қару жәрдемін жасамайтынын жариялағанына орын берілген.


Йени Шафак газеті хабарын «Қытайдан Шанлыурфаға үлкен энергия инвестициясы» атты тақырыбымен берген. Газет Қытай атомдық энергия фирмасы CGN мен Елсе Энергия фирмасы Шанлыурфада 60 миллион доллар жұмсалатын 60 мегаваттық күн энергия стансасын құратынын жариялаған. Хабарда әр бірі бір мегаваттық жиыны 60 мегаваттық күн энергия стансасының 2016 жылының алғашқы жартысында жұмысқа қосылатынын жариялаған. Хабар бойынша CGN Халықаралық жұмысты дамыту басқармасы директоры Шинг Лю күн энергиясымен басталатын ортақтықтың басқа энергия салаларында да жұмыс істейтінін айтты.


Ватан газеті «Түрік әуе жолдары 280-ші желісін ашты» Паулудеген тақырып қолданған. Газет Түрік әуе жолдарының Африкада 46-шы, халықаралық алаңда 280-ші ұшу түйіні Дурбан рейстерінің кеше басқару алқасы төрағасы Илкер Авжының қатысуымен басталғанын хабарлаған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул-Дурбан рейстері дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі болып аптаның 4 күні өзара ұшу жүзеге асырылады.


Сабах газеті хабарын «Стамбул супер лигаға кірді» атты тақырыбымен берген. Газет жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеген JLL фирмасының «Қала индексі және қалалардың жаңа әлемі» атты зерттеуінде Стамбул, Шанхай, Бейжің және Сан-Паулумен бірге «дамыған әлем қаласы» категориясына кіргенін жазған. Хабарда осы үш қала үшін «Халықаралық қалалардың сауда және инвестиция салаларындағы өткел орнында. Әлі дамыған деп аталған шындығында әлем қаласы болу жолында» делінгеніне орын берілген.


Хүрриет газетінің «Алтынпакр жәрмеңке орталығы болады» деген хабарында Анкараның керемет орны Алтынпарк ұзақ уақыттан кейін іс-шаралар жұмысына кірісетінін білдірген. Хабарға қарағанда алаңдарда жаңалау жұмыстары тамамдалды. Паркқа 125 мың ағаш, 72 мың түрлі өсімдік және 2 миллион 500 мың гүл бар. 42-ші Халықаралық үй және жұмы жиһазы жәрмеңкесі 2016 жылы 6-16 сәуір күндері аралығында Алтын Парк Жәрмеңке Орталығында ұйымдастырылады.
Стар газеті «Маркаға шоғырланған түріктер MAPIC-те» атты хабарында әлемнің ең үлкен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі MAPIC-тің 18-20 қараша күндері аралығында 21-ші реткі Франция Канны-да өтетінін мәлімдеген.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар