18.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

393598
18.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті «Анкарадағы террор оқиғасында ПКК-ның ізі табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анкарада 102 адамның қаза тапқан бомбалы шабуылмен байланысты тергеудің террор ұйымы ПКК тарапынан жасалғаны ортаға шықты. Тергеуде шабуылдың 20 шілде күні Суручта жасалған және 33 адам қаза тапқан лаңкестікпен байланысты екені анықталды. Тергеуге алынған ПКК-лық мойындаушы шабуыл тапсырмасының Гүлистан лақапты террорист тарапынан берілгені және мұның бейне көрінісі де бар екенін атап көрсетті.
Ватан газеті «Террор ұйымы ПКК басшылары люкс өмір сүруде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда террор ұйымы ПКК-ның күштеп тауға алып қашқан қыздар мен балалар ашаршылық, науқас және бейшара өмір сүріп отырғанда, Хаккаридің Юксекова ауданында жасалған операцияларда ұйым басшыларына тиесілі баспаналарда люкс кілемдер, үлкен LCD теледидарлар тіпті эспрессо аппараттары қолға түсті. Операциялар ұйымның басшы кадрларының қаншама люкс өмір сүргенін тағы бір рет көз алдына жайды.
Сабах газеті «ДАИШ пен ПКК ынтымақтастық жасайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер Ялчын Акдоған террор ұйымдары ПКК мен ДАИШ-тің бір-бірімен қақтығыста сияқты көрінсе де нысана Түркия болғанда, бірге қозғалғандарын атап көрсетті. Акдоған шетелден қолдау көрген әр екі ұйымның және Анкарадағы бомбалы шабуылдың нысанасында Түркияның тұрақтылығын бұзу, елдің саясаты мен сыртқы саясатты түрлендіру бар екенін атап көрсетті. Акдоған АҚШ-тың террор ұйымы YPG-ге бағыттаған ауыр қарулармен байланысты «Ол қарулар бізге бағытталған жағдайда езіп тастармыз» деді.
Хабертүрік газеті «Германияда террор ұйымы NSU соты қараңғылықтан шықпайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияда Жасылдар партиясы депутаты Өзджан Мутлу неонацист NSU ұйымының байланыстарын қазірге дейін ортаға шығарылмағанын атап көрсетті. Өткен заң шығару жылы зерттеу комиссиясының қастандықтарды айқындауда жеткіліксіз қалғанын айтқан Мутлу жаңа комиссияның 2000-2007 жылдары түріктерді нысанаға алған қастандық пен бомбалауларды ұйымдастырған NSU-дың байланыстарын табу, қауіпсіздік бөлімшелерінің радикал оңшылдармен күрестегі кемшіліктерін жариялауды үміт еткендерін білдірді.
Хүррийет газеті «Косметика алпауыттары Түркияның ізінде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің косметика алпауыттары түрік инженерлері жетілдірген жылқы құйрығы шампуның ізіне түсті. Анкарадағы Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (Ar-Ge) лабораторияларда жылдардан бері жалғасқан жұмыстар нәтижесінде жетілдірілген жылқы құйрығы өзегі шаш мәселелерінен құтыла алмағандарға көмектескен соң өнімге экспорттау жолы да ашылды. Өнімге Орташығыс, Орталық Азия, Кавказ және Еуропа елдерінен әсіресе де Голландиядан үлкен сұраныс бар. Көптеген фирма жылқы құйрығы өзегі шампунына ортақ болғысы келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар