15.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

354531
15.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Чанкырыда салынған зауыттың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Түркия үшін PKK және оның жалғасы болып табылатын PYD-YPG террор ұйымдарының басқа террор ұйымдарынан өзгешелігі жоқ екенін айтты. Президент «PKK шәйіт қылған қауіпсіздік қызметкерлерімізді, азаматтарымызды көрмей отырғандар бар. Бұлар террор ұйымы мен жақтастарын жарқыратып таза қып көрсету үшін қолынан келгенді аямай отыр» деді.
Ватан газеті «Виза қорқытуы» деген тақырып қолданған. Германия канцлері Ангела Меркелдің Түркия сапары қарсаңында ЕО Түркиямен босқын проблемасында визаны сылтау қылды. ЕО кеңесі төрағасы Дональд Туск Түркияның ЕО-ға босқын жіберуін тоқтатуы керектігін айтты. Туск «Түркия ЕО-дан саяхат визасы алғысы келсе, Еуропаға келетін босқын санын азайтуы керек. Босқындар тақырыбында Түркия дегенімізді жасамаса, ЕО-дан қосылу, виза және көмектен ештеңе күтпесін» деді.
Сабах газеті «Үшінші атом стансасына АҚШ пен Қытай сұраныс беріп отыр» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Али Рыза Алабоюн түріктердің үшінші атом стансасының Кырклареліндегі Игнеадаға салынатынын мәлімдеді. Алабоюн «Қытайлар мен Американың бір компаниясымен келісімге қол қойылды. Олар дайындықтарын бастады. Біз ұсыныс беретіндермен кездесу жүргізудеміз. Жапондар да көңіл білдіріп отыр» деді.
Йени Шафак газеті Стамбулдағы қатынас жөнінде бір хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул қаласы 2019 жылы әлемнің ең дамыған қаласынан да ұзын және заманауи метро жүйесіне ие болады. Стамбул қалалық муниципалитетінің бастамасымен Стамбул 2023 жылға дейін метро жүйесімен толықтырылады. Стамбул тұрғындарын жол қатынасындағы проблемалардан құтқару үшін 2004 жылдан бұрын 45 км болған метро жүйесі биыл 145 км-ге жетеді. 2019 жылы болса 441 км болады.
Хабер Түрік газеті «Гамлет Стамбулға келеді» деп тақырып қолданған. Зорлу өнер орталығы Шекспирдің әлемдік театрының гастролі аясында «Гамлетті» қонақ қылады. Жазушыға 450 жыл толған 2014 жылдың 23 сәуір күні басталған екі жылдық театр серуені 10-11 қараша күндері Стамбулда аялдайды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар