10.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды оқиғаларға орын берген.

390884
10.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті сыртқы істер министрлігінің хабарламасына орын берген. Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрлігі НАТО-ның орыс қаупіне қарсы Түркияға 13 мың адамдық күш жолдауға болады» деген мәлімдемесіне жауап берді: «Тап қазір бұндай талабымыз жоқ»
Миллиет газеті «Пири Реис атты сүңгуір үшін алғашқы қадам» деген тақырып қолданған. Түрік теңіз күштерінің жаңа жобасының бірінші өнімі болатын «Пири Реис» атты сүңгуір жасала бастады. Су бетіне шықпастан 30-40 күн, таза ауа алатын жиһазды су бетіне шығармай 16 күн су астында жүре алатын сүңгуір Гөлжүктегі кеме жасау қолбасшылығында өндіріледі.
Йени Шафак газеті «Сүлейманидің орынбасары Халебте қаза тапты» деген тақырып қолданған. Иранның шетелдегі ақпарат және жасырын операцияларын басқарған Иерусалим армиясы қолбасшысы Касым Сүлейманидің орынбасары генерал-майор Хүсейн Хамедани Халебте өлтірілді. ДАИШ шабуылында қаза тапқан Хамедани Сирия армиясына да кеңесшілік қызметін беріп, Хизбуллахтың елдегі операцияларын басқаратын еді.
Хүрриет газеті автомобиль өндірісіне орын берген. Хабарға қарағанда, Toyota компаниясының екі жылдан бері Түркияда өндірілуі күн тәртіпте отырған моделі үшін ресми мәлімдеме президент Ердоғаннан келді. Ердоған Жапониядан оралу барысында ұшақта Адапазарында 2016 жылдан бастап 450 миллион долларлық инвестициямен жаңа көлік өндірілетінін айтты. Осы инвестиция арқылы барлық экспорт 4 миллиард долларға жетеді.
Стар газеті Coca Cola-да жанжал хабарына орын берген. Wolkswagen компаниясындағы оқиғадан кейін тағы бір әлемдік алпауыттың проблемасы ортаға шықты. Ағылшын «Times» газеті АҚШ-тық Coca Cola компаниясының ағылшын ғалымдарға құрамында қант бар сусындардың семіздікке жол ашпайтынын айтулары үшін миллиондаған стерлинг ақша төлегенін жазды.
Хабер Түрік газеті «Қытайдың Survivor-ы Фетхиені ұшырды» деген хабар жариялаған. Қытайдың танымал актрисасы мен әншісі бастаған атақты өнер қайраткерлерінің шамамен бір апта бойы парашютпен ұшып, каномен серуендеуі Өлітеңізде қытай туристердің санын арттырды. Қытай атақты жұлдыздарының көріністері Қытай телеарнасында және газеттерінде жарияланған соң, қытай туристер бұдан бұрын ұшу үшін Непалға барса, енді бағытын Өлітеңізге бұрды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар