09.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

390265
09.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени Шафак газеті «Түркияны қорғауға дайынбыз» деген тақырыпта хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Түркия әуе кеңістігін бұзғанына байланысты «Түркияны барлық қауіптерге қарсы қорғауға дайынбыз» деді. Брюссельдегі НАТО Қорғаныс министрлері жиналысында сөз сөйлеген Столтенберг НАТО-ның оңтүстік шекарадан келетін қауіптерге қарсы одақтастарын қорғау үшін Түркияға әскер жолдауға дайын екенін айтты. Столтенберг «Түркия мықты және әлеуеті жоғары ел. Керек болса Жедел қимыл күшін жолдаймыз» деді.
Миллиет газеті «Шетелдегі түріктер дауыс қолдана бастады» деген тақырып қолданған. 1 қараша күні болатын депутаттық сайлау үшін шетелге тіркеулі сайлаушы азаматтар кеден қақпалары мен Германия, Австрия, Бельгия, Дания, Франция, Швейцария және СКТР-да құрылған сандықтарда дауыс бере бастады. Шетелде тұратын екі миллионнан астам сайлаушы 54 елдегі 112 өкілдікте және кеден қақпаларында дауыс қолданады. Кеден қақпаларында 1 қараша күні сағат 17-ге дейін дауыс беруге болады.
Стар газеті «Орыс болмаса жапон бар» деп тақырып қолданған. Түркия мен Ресей арасындағы Сирия дағдарысы Аккую атом стансасын бақылап отырған жапондарды қозғалысқа салды. Президент Ердоғанның Жапония сапары барысында айтқан «Орыстар болмаса басқасы істер» деген сөзіне бірінші жауап жапон электр алпауыты Toshiba-дан келді. Компания басқарушысы Тойоаки Фужита Түркия қабылдаса жаңа атомдық станса жобасында орын алғысы келетіндерін білдірді. Фужита Түркияның Еуропада өте ерекше орны бар екенін айтты.
Сабах газеті түрік банктеріне орын берген. Хабарға қарағанда, мемлекеттік банктердің күші халықаралық платформада да бекітілді. Зираат банк «The Banker» журналы тарапынан мықты және сенімді банктер тізімінде Батыс Еуропа елдері арасында екінші орын алды. 48 елден жаһандық деңгейдегі банктер қатысқан жалпы тізімде болса 72-ші кезекте орналасқан Зираат банк түрік банктері арасында да ең бірінші кезекте. Халык банк болса батыс Еуропа тізімінде жетінші, жалпы тізімде 102-ші кезекте орын алды.
Ватан газеті сыйлыққа лайықты деп табылған түрік ғалымға орын берген. Нобель сыйлығынан кейін әлемде психоанализ саласында маңызды еңбек еткен ғалымдарға берілетін Mary Sigourney Психоанализ сыйлығы түрік дәрігер Проф. Вамык Волканға берілді. 1989 жылдан бері жыл сайын екі немесе төрт тұлғаға берілетін сыйлыққа биыл тұңғыш рет бір түрік ғалым лайықты деп табылды. Вамык Волкан бұдан бұрын Нобель сыйлығына да кандидат ретінде көрсетілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар