06.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

388195
06.10.2015 күнгі түрік баспасөзі

Ватан газеті түрік әуе кеңістігіне кірген орыс ұшақтары жөнінде хабарларға орын берген. Хабарға қарағанда, НАТО кезектен тыс жиналды, Ресейді айыптады. Сыртқы істер министрлігі «Қайталанса, Ресей жауапты» деді.
Йени Шафак газеті «Шетелдік инвестицияда 101 айдың рекорды» деген тақырыпқа орын берген. Газеттің жазғанына қарағанда Түркияға шілде айында 3,4 миллиард АҚШ доллары халықаралық инвестиция келді. Бұл көрсеткіш айлық деңгейде 2007 жылдың қаңтар айынан бергі екі жоғарғы деңгей болды. Жылдың алғашқы 7 айында келген тікелей халықаралық инвестиция көлемі 9 миллиард 715 миллион долларға жетті. Мамандар бұл көрсеткіштерді «Түркия экономикасына деген сенімнің көрсеткіші» деп атады.
Хабер Түрік газеті «АҚШ-тың нашар дерегі Биржа Стамбулды ұшырды» деп тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, әлем биржалары Америка Құрама Штаттарынан келген жұмысқа орналастырудың нашар хабарымен көтерілді. Биржа Стамбул кеше 3,3 пайыз жоғарлады.
Миллиет газеті Air France авиакомпаниясындағы оқиғаға орын берген. Air France компаниясы 2900 қызметкерін жұмыстан шығаруға шешім қабылдады. Парижде әуежайда компания орталығына келген қызметкерлер бас директор орынбасарын соққыға жықты. Бас директор орынбасары қашып құтылды.
Стар газеті мәдениет саласындағы бір хабарға орын берген. Дүние жүзіндегі ең ауқымды теледидар көрмесі Mipcom-ға биыл Түркия таңбасын басуда. Биыл көрмеде халықаралық көрерменге «Керемет ғасыр Көсем» атты теле сериал ұсынылды. Биыл бұл теле сериал экранда көрсетіледі. Сериал бірінші рет Канн қаласында таныстырылады. Тимур Савджының продюссерлігінде сериалда Сұлтан Ахметті Экин Коч, Сафие сұлтанды Хүлия Авшар және Көсем сұлтанның жастық шағын грек актриса Анастасиа сомдайды.
Хүрриет газеті бір түрік актерінің жетістігіне орын берген. «Қара ақша махаббат» атты сериалдағы ролімен өткен ай Оңтүстік Кореяда өткен Сеул драма сыйлығында Үздік актер ретінде таңдалған Энгин Акюрек табы бір табысқа қолтаңба басты. Актер Америка тысында жарияланған теледидар бағдарламасының үздіктері сайланған халықаралық Эмми сыйлығында да сыйлыққа лайықты деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар