22.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем кейбір жаңалықтарына орын берген.

352863
22.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Хүрриет газетінің «13 миллион билетті адам мейрам демалысына барды» деген хабарында 9 күндік мейрам демалысын жақсы пайдаланғысы келгендер қайту билетін 27 қыркүйек күніне алғандықтан әр жерде билет таусылғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда 7,5 миллион адам автобуспен, 3 миллион адам теңіз жолы арқылы, 2,5 миллион адам әуе жолдары арқылы саяхатқа шықты. 13 миллион билетті жолаушымен қатар өз көліктерімен жолға аттанғандарды есепке алғанда 9 күндік демалыстан қайтудың азабының көп болатыны межеленуде.


Йени Шафак газеті хабарын «Батыс Фракия рекордқа ұмтылды» деген тақырыбымен берген. Газет Грекияда өткен ерте жалпы халықтық сайлауда бір рекордқа таңба басқан Батыс Фракия түріктерінің 69 жылдан кейін тұңғыш рет 4 түрік депутатын Грекия парламентіне жібергенін жариялаған. Хабарда өткізілген сайлауда Гүмүлжине аймағында СИРИЗА партиясынан Мұстафа мен Айхан Караюсуф, Потами партиясынан да Илхан Ахмет және Искече аймағынан да Хүсейін Зейбектің Грекия парламентінде түріктерге өкілдік ететіндерін білдірген.


Стар газетінің «4 Қиыр-Шығыстық Афшинде 12 миллиард доллардық бәсекеге түсті» атты хабарында Түркияның ең маңызды көмір кенінің бірі Афмин-Елбистан үшін 4 Қиыр-Шығыстықтың бәсекеге түскенін жеткізген. Газет Біріккен Араб Әмірліктеріне тән TAQA фирмасының шегінуінен кейін үш ел инвестиция салуға шешім жасағанына орын берген. Хабарға қарағанда Оңтүстік Кореялық екі фирма Афшин-Елбистан көмір кені үшін кездесулерін жалғастырған кезде тағы екі фирма да араласты. Қытай және Жапон фирмасы 12 миллиард долларлық инвестиция салу үшін министрліктің есігін қақты. Екі ел инвестицияда жарысқан кезде Жапония делегациясының Энергия министрлігі лауазымдарымен кездесті.


Сабах газеті «Юзгатлық кішкентай жұлдыз Оскар жүлде рәсіміне барады» деген тақырып қолданды. Газет Юзгаттың Йеркөй ауданында өмір сүрген Изжи әулетінің алты баласының бесіншісі болған Доган Изжинің Каан Мүжде режиссерлік жасаған «Сивас» фильмінде қабілетімен даңқы шыққанын жазған. Газеттің хабарында бас актер болған фильм Америкада өтетін 88-ші Академия жүлделеріне «Ең үздік шетелдік фильм» саласында Түркияның үміткері болуымен Доган Изжинің де АҚШ-қа баратын болды.


Ватан газеті хабарын «800 жылдық тарихи ағаш құтылды» атты хабарымен берген. Газет Анталияның керемет табиғат сұлулығына ие Хисарчандырда ашылған мәрмәр кені себепті 800 жылдық тарихи ағаштардың кесілгенінің байқалғанын, осыған орай қоршаған орта сүйгіштердің үкіметке шағым жазғанын мәлімдеген. Осы шағым бойынша мәрмәр кені ашуының тоқтатылған, осылайша тарихи ағаштар да құтылды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар