14.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

349320
14.09.2015 күнгі түрік баспасөзі

Йени шафак газеті «Террорға қарсы көтеріліс: 600 азаматтық қоғам ертең алаңдарға шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Диярбакырда ертең алаңдарға шығатын 600-ден астам Азаматтық қоғам мекемесі, зиялылар мен активист қанды шабуылдарын арттырған террор ұйымы ПКК-ның террор шабуылдарын айыптап, бірлік пен ынтымақтастық жолдамасы жасайды. Қатысушылар қолдарында ұстаған қалампырлармен үнсіз шеру ұйымдастырады. Террор ұйымы ПКК-ның қанды шабуылдарын айыптап, қару тастауға шақырылады.
Стар газеті «Сирия мен Иракта таратылған қарулар ПКК-ның қолына өткен» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер бұрынғы министрі Мевлүт Чавушоғлу батыс елдерінің ПКК-ны заңдастыруға тырысқандарын Сирия мен Иракта батыс таратқан қарулардың да ПКК-ның қолында екенін атап көрсетті. Чавушоғлу сондай-ақ батыстың келімсектерді қабылдау тақырыбында «екіжүзді» қозғалғанын, сириялық келімсектерді елдеріне қабылдамайтындарын ашық айтқандарын, кейбір Еуроодақ мемлекетінің болса келімсектерді дініне және біліміне қарай таңдағанын атап көрсетті.
Сабах газеті «Әлем адамгершілік көрсін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуропа елдері Сириядағы ішкі соғыстан қашқан келімсектерге есіктерін зорға ашты. Әрең дегенде 5 мың келімсекті қабылдады. Кейде соққыға жығылған келімсектердің көпшілігінің көзіне жас алғаны байқалды. Түркиядағы 2 миллион келімсектің болса жасалған жәрдемдер себепті жүздері күлімсірейді. Түрік ұлты бауыр ретінде қабылдағандары келімсектерге құшақ жайды.
Миллийет газеті «Алғашқы түріктердің құпиясы ашылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА тарапынан Моғолстанда жүргізілген қазба жұмыстары барысында аса маңызды мағлұматтарға қол жеткізілді. Көктүрік уәзірі Тоныкөкке (Тоңыұқық) тиесілі жазбалар болған алаңда алғашқы түріктерге тән қабір, мүсін және заттар ортаға шығарылды. Жаңа мәліметтер Ұланбатырдың Налайх ауданында салынатын екінші түрік мұражайында көрмеге қойылады.
Хүррийет газеті «Лара Фабиан Стамбұлда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Белгия текті канадалық танымал әнші Лара Фабиан қайтадан Түркияда концерт қоюға дайындалады. Әнші 15 қазан күні Стамбұлдағы жанкүйерлерімен басқосады. Фабиан әнші Мұстафа Джежели және сериал фильм мен кинофильм ойыншысы Халит Эргенчпен бірдей сахнада орын алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар